Қайталау балабақшадағы ашық сабақтар
Ұйымдастыру бөлімі
Қуаныш шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
-Өте жақсы балалар барлығымыз орнымызға отыра қояйық.
-Бәріміз тақтаға қарайықшы тақтадан нені көріп отырмыз
-Дұрыс айтасыңдар, қане бәріміз санайықшы
-Дұрыс осы бес санның әрқайсысының біздерге дайындаған тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?
-Олай болса, жақсы 1 санының тапсырмасы «Адасқан сандар» деп аталады.
Шарты: Адасқан сандарды тура және санайтындай етіп орналастыру
-2 санының тапсырмасы «орамал тастамақ» ойынының шарты: айнала отырған балалар көздерін жұмып отырады, бір баланың алдына санды қойып, көзін ашқан бала сол санның көршісін табады
-өте жақсы балалар енді біраз сергіп алайық
Сергіту сәті
1 деңгейде орнымыздан тұрамыз. 2, 3, 4 шапалақты ұрамыз. Оңға иіліп, солға иіліп тынығып бір алайық, 5 дегенде қайтадан орнымызды табайық
3 санының тапсырмасы «қандай пішін?» балалар қолдарындағы пішіндерінің қандай пішін екенін, түсінің қандай түс екенін айтады. Үй мен машина құрастырады.
4 санының тапсырмасы «өз түсіңді» тап деп аталады.
Балаларға түстер таратылып беріледі. Балалар түстерді атап, сондай түстегі ашық хатқа апарып орналастырады.
5 санының тапсырмасы «Ақ сүйек» ойынын ойнау арқылы логикалқы есептер шешу (шарты түсіндіріледі)
- Ұлпа жүнін қыздырып
Күншуақта 1 күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы 1 күшік
Нешеу болды сен сана
- Жанып тұрған 4 шамның
сөніп қалды 2 еуі
қалды енді нешеуі?
- Мысықта қанша құлақ бар?
Мысықта қанша аяқ бар?
Мысықта қанша құйрық бар?
- Ағашта 4 алма
Піскен екен тимей құрт
Самат алып 1 еуін
Қалдырған екен нешеуін?
- Табақта 2 алма
Қолымда 3 алма
Барлығын қосқанда
Балада неше алма?
Балаларды мадақтау.
Қорытынды.
-Қолдарын жоғары жаяды
-Қолдарын алдына жаяды
-Бір-біріне қарайды
-Апайға амандасады
Орындарына отырады
Орындарына отырады
-Ия
-балалар санды 1ден 5 ке дейін сосын 5 тен 1ге дейін орналастырады.
-мысалы: «8» көршісі
«2» мен «1»
Балалар сергіту сәтін жасайды
-орындарынан тұрады
-қол шапалақтайды
-оңға, солға иіледі
-қайтадан отырады
-дөңгелек түсі
Көк
-үшбұрыш, түсі
Қызыл т.б
Балалар тапсырманы орындайды
-қызыл
-көк
-сары
Қара т.б
Балалар есепті қызыға шешеді
-2 күшік
-2 шам қалды
-2 құлақ
-2 аяқ
-1 құйрық
3-еуі қалды
5 алма