Павлодарда 12 жастағы бала футболдан соң комаға түсіп қалды — Қазақстан жаңалықтары
Павлодарда 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап, комаға түсірді.
Балалар мектеп балансына жататын аумақтағы алаңда ойнаған, деп хабарлайды 31 арна.
Жергілікті балалар үнемі сол алаңда ойнайды. Алаң ресми түрде жабылған. 25 наурызда алаңда Кирилл Солдатов та ойнады.
12 жастағы Кирилл есінен танып, комаға түсіп қалды.
«Маған ұлымды көрсеткен жоқ. Тек басын түсірген сурет нәтижесін көрсетті. Онда баланың бас сүйегі толықтай сынғаны көрініп тұр. Қазір басындағы сүйектің бәрі сынған. Құдайдан ұлымды оңалта көр деп тілеп отырмын», — деп зар жылады анасы Наталья Солдатова.
Кирилл футбол ойнап жатқанда қақпада тұрған. Оған қақпаның қалай құлағанын ешкім білмейді. Ағайынды ағасы ол кезде артқа қарап тұрғанын айтты.
«Оның басынан қан кетіп, жылай бастады. Жедел жәрдем шақырыңдар деді. Куәгерлер жалма жан жүгіріп келді», — деді ағасы Әлішер Есенов.
Кирилл 4 күн бойы комада жатты. Тек 29 наурызда оны тыныс алу аппаратынан ажыратты. Ол өздігінен тыныс ала бастады.
«Ауыр бас сүйек ми жарақаты, бас сүйегінің жарақаттануы деген диагноз қойылды. Баланың жағдайы тұрақты ауыр , — дедй дәрігерлер.
Кирилл футбол ойнаған алаң 6 жыл бұрын жасанды қаптамамен салынып, былтырғы жылы мектеп қарамағына берілді.
Мұғалімдер алаңның жарамсыз екенін айтады. Бірнеше рет есігіне құлып салған. Сырт көзге алаңнан жарақат алуға болатыны көрініп тұр
Қазір полицейлер істі тергеуге алып, тексеру жүргізуде. Баланың анасы полицияға арыз жазбаған, бірақ тергеу жүріп жатыр.
Павлодарда 6 ай бұрын осындай спорт алаңында екі бала мерт болған еді. Олар алаңдағы тоққа түсіп қалған болатын.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz