Ұсталған браконьерлер арасында «Охотзоопром» қорықшылары бар болып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола мен Қарағанды облысында Қорғалжын қорығында ақбөкендерді атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды КТК.

Ұсталған браконьерлер арасында «Охотзоопром» қорықшылары бар болып шықты

Ұсталғандар ішінде «Охотзоопром» қорықшылары бар болып шықты.

Күдіктілер туралы әлі де ешқандай ақпарат жоқ. ІІМ-де олардың саны жөнінде де ешнәрсе айтқан жоқ. 

Үйді тінту барысында ақбөкендердің мүйізі мен қару табылды. Даладан мүйізсіз ақбөкендердің терісі табылды. 

Полициядағылар Қызыл кітапқа енген жүздеген аңның көзі жойылғанын айтты. 

Браконьерлерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі не 10 млн теңге айыппұл төлеу жазасы төніп тұр. 

«Ақбөкендерді жаппай атуға күдіктенуімен полиция қызметкерлері, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» РМК инспекторы ұсталды», — дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz