Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін доллар курсы өсіп шыға келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Теңге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін дереу құлдырап кетті, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі.

Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін доллар курсы өсіп шыға келді

Күні кеше ғана Қазақстаннң айырбас нүктелерінде доллар курсы 375-377 теңге аралығында айналды. Бүгін кешкілік айырбас нүктелері долларды 385 теңгеден сатып жатыр. 

Қазақстандық биржа қорының мәліметінше (KASE), доллар курсының орташа мөлшерлемесі 376,49 теңгені құрады. 

Желідегі хабарламаларда Алматыдағы көптеген айырбас нүктелерінде сейсені күні кешкілік валюта айырбастау жөнінде қиындықтар туындағаны айтылды. Сонымен қатар желі қолданушылары ақша айырбастау нүктелерінде кезек көп екенін айтып жатыр.

«Ақша таусылды» деп түсіндірді кассирлер.

Айта кетейік, 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысының қызметін уақытша атқаратын болды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz