Орақ Байғалиев | өмірбаяны

0

Орақ Байғалиев 1948 жылы сәуір айында дүниеге келген. 1966 жылы Жетібай кентіндегі орта мектепті бітіріп, мұнай барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі болып істеген. Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін тәмамдаған. Қарақия ауданында мектепаралық өндірістік оқу комбинатында оқушыларды автокөлік жүргізуші мамандығына баулыды. «Маңғыстау мұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай технологиялық көлік құралдары басқармасында қауіпсіздік техникасы бойынша аға инженер, кадрлар бөлімі бастығы, Маңғыстау өндірістік ұлутас өндіру және өңдеу бірлестігінде заңгер және кәсіподақ комитеті төрағасы болып қызмет атқарған, қазір Ақтау қаласындағы орта мектептерде технология пәнінен сабақ береді.


Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» 1988 жылы шықты. 2006 жылы «Сәуір туған шақ», 2010 жылы «Сүмбіле» жыр жинақтары жарық көрді.

«Ақын Орақ Байғалиевтың өлең шумақтары барынша мығым, арасында арам ет болмайды». 

Жұмекен Нәжімеденов