Арман Евниев, Берік Бейсенғалиев пен Әсет Ирғалиев министрліктегі қызметтерінен босады — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Арман Евниев пен Берік Бейсенғалиев Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі қызметінен босатылды. Сонымен қатар Әсет Ирғалиев ұлттық экономика министрлігіндегі қызметінен кетті, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.
Бұдан өзге, ҚР үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz