Қорқынышты күндеріміз әлі алда: Елімізде көпөқбатты үйлердің шатыры құлап қауіп төндіруде — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Төбеден төнген қауіп! Еліміздің әр өңірінде көпқабатты үйлердің шатыры құлап, тұрғындардың өміріне қауіп төніп жатыр. Оралда бір күнде үш бірдей бес қабатты үйдің төбесі қардың салмағын көтере алмай, ортасына түскен. Дәл осындай тосын жайт Петропавл мен Қостанай қалаларында да тіркелді.

Қорқынышты күндеріміз әлі алда: Елімізде көпөқбатты үйлердің шатыры құлап қауіп төндіруде

Зардап шеккендер бар ма? Құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспағандар кім? Сақтық шараларына салғырттың танытудың соңы неге алып келеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Көктемнің алғашқы айы оралдықтар үшін жайлы басталмады. Шаһардағы үш көпқабатты үйдің шатыры қирап қалған. Соның бірі -Мұхит көшесіндегі 20-ғасырдың сексенінші жылдары салынған 67-үй. Қырық жыл ішінде жөні түзу жөндеу көрмеген төбенің ағаш тіреуіштері тонналаған қарды көтере алмай, ортасына түскен. Тұрғындар бұған коммуналдық қызмет көрсететін компанияны кінәлап отыр. 

«Коммуналдық қызмет көрсететін мекеме тарапынан ешқандай әрекет жоқ. Апаттың салдарын жоюға тұрғындардың өздері жұмылдырылған», — дейді тұрғын.

Тұрғындар «қорқынышты күндеріміз әлі алда» дейді. Күн жылыса, шатырдан аққан қар суы пәтерлердің ішіне кіріп, астан-кестеңін шығарады екен. Қыс басталғалы батыстағы бұл шаһарда 20-дан астам үй төбесінің тас-талқаны шыққан. Бұған коммуналдық қызметтің қарды уақытылы тазартпауы себеп, дейді төтеншеліктер. Бұдан өзге, 1 наурызда қаладағы сауда үйінен құлаған мұз 30 жастағы әйелді мерт қыла жаздапты. 

«КСК басшылары мен тұрғындардан төбені қардан уақыты тазартып, бізде атап өтсек осы қызқы мезгіліміз қар өте көп. Сондықтан төбедегі қарды уақытылы тазарту қажет», — деді облыстық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бақытжан Ихсанов. 

Петропавлда салынғанына 40 жыл да болмаған бұл үйдің шатыры кеше түскі 1-лер шамасында ортасына түсіпті. Қатты дыбысты естіген тұрғындар бастапқыда газ жарылды деп ойлап, подъезге атып шығыпты. 

«Бәріміз шошып қалдық. Аяқ астынан қайда хабарласып, кімнен көмек сұрарымызды білмей дал болдық. Үйдегі кішкентай немереміз дыбыстан қатты шошынды», — деді қала тұрғыны. 

Оқиға орнына он техникамен жеткен құтқарушылар қауіпті нысанды оқшаулап, тұрғындарды далаға шығарған. Бастысы адамдар аман. Қираған аумақ 50 шаршы метрді құрапты. Шатырды жөндеуге ақшамыз жоқ деген тұрғындар әкімдіктен көмек күтетіндіктерін жеткізді. 

«Төбедегі тонналаған қарды тазартып берсе дейміз. Әйтпесе, қиранды астында қаламыз. Қираған шатырды өзіміз жөндеуге қауқарсызбыз. Бәріміз зейнеттегі адамбыз. Әкімдіктен көмек сұраймыз. Жөндеу жұмыстарына 400 мың теңге керек деді мамандар. Оған жағдайымыз жетпейді», — дейді тұрғын. 

Ал Қостанайда тұрғын үйлердің ауласында тұрған паркингтің төбесі опырылды. Қаңылтыр материалдан жасалған жабынды автожайға кіретін жолдың үстін басып қалған. Белгілі болғандай, көліктерге арналған орын жақында ғана салыныпты. 

«Паркинг су жаңа, тіпті әлі пайдалануға да берілмеді. Тұрғын үйдің коммуналдық қызметіндегілер бір апта ішінде қираған жерді қалыпқа келтіреміз деді. Көлікжайға кірер жердегі шатырды мүлдем алып тастайды», — дейді қала әкімінің орынбасары Алма Әбілдин. 

Төтенше жағдай қызметкерлері, тұрғындарға төбедегі қалың қарды дер кезінде тазалап, сақтық шараларына салақтық танытпауға шақырды. Ал түрлі нысанның жанынан өткенде көзіңізді жерге емес, жоғарыға бір салып қойғаныңыз абзал! Өйткені, шатырдағы мұз аралас қар күннің қызуынан еріп, үстіңізге құласа, ұзақ емделуіңізге тура келеді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz