Қайыр Бектұрғанов | өмірбаяны

0

Қайыр Бектұрғанов  1937 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково қалашығында дүниеге келген. 

1960 жылы ҚазПИдің физикаматематика факультетін тамамдаған. 1963 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанға дейін жоғарғы оқу орындарында жоғарғы математиканың әр түрлі курстарынан сабақ берді.

Алғашқы әңгімесі («Арман») 1965 жылдың 19 желтоқсанында облыстық «Орал өңірі» газетінде жарияланды. Содан бері шығармалары облыстық газеттерде, әр кезде «Қазақ әдебиетінде», «Жалында», «Мәдениет және тұрмыста» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдызда» жарық көрді. Екі новелласы орыс тілінде шыққан «За днем грядущим» жинағына енген («Жалын», 1978). 2007 жылы үш томдық шығармалар жинағы шықты. «Кері толғау», «Қатқақ», «Ат жалы» деген үш кітаптан тұрады. 1976 жылдың қортындысы бойынша «Жалынның» жабық бәйгесінің жүлдегері атанды (балаларға арналған «Ат жалы» повесі үшін). 

Шығармалары: Бабаназар терегі. Әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Ізгілік жолы. Повестер. А., «Жалын», 1980. Қатерлі қияда. Повестер. А., 1984.