Кавабата Ясунари | өмірбаяны
Кабавата Ясунари (1899-1972) – жапон халқының көнеден келе жатқан ұлттық дәстүрін өз заманының әдеби әдісімен ұштастырып, жаңа биікке көтерген әлемге әйгілі жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1968). Оқырман қауымның көзайымына айналған «Мың қанатты тырналар», «Қарлы мекен», «Ескі астана» атты романдарымен қатар, Кабавата өзінің қолтаңбасы айқын ең негізгі шығармасы «Мейдзин» романы деп есептеген. Шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Қайнар көз: alemadebiety.kz