Айқайлап, аяушылық танытуын сұрады: Қыз өзін тонамақ болған ұрыны сабап тастады (видео)
Бразилияда 31 жастағы көлік сатушы Рут да Силва таңертең жұмысқа келгенде, көлік тұрағында оған ер адам шабуылдаған. Ол қыздың шашынан ұстап алып, әмиянын, ұялы телефон мен көліктің кілтін беруін талап еткен. Керісінше жағдайда атып өлтіретінін айтып қорқытыпты. Алайда қыз ұрының сазайын тарттырды.
Бастапқыда қыз қатерге бас тікпеуді ұйғарып, ұрының айтқанын орындамақ болады, деп жазады Stan.kz.
«Ол тапаншасы бар екенін айтып, заттарыңды бермесең, атып өлтіремін деп қорқытты. Мен қарсыласпауға тырыстым. Себебі оның сөзінің рас екеніне сеніңкіремедім», – дейді Рут да Силва.
Алайда осы кезде Рут көліктің айнасынан ұрының қаруы жоқ екенін көріпті. Сол уақытта ол сытылып шығып, ер адамды ұра жөнелген. Ол өзін тонамақ болан ер адамды ұрып-соғып, буындырды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өзіне аяушылық танытуды сұрап айқайлаған қылмыскерді ұстады. Анықталғандай, ол бұған дейін қыз зорлағаны үшін түрмеде отырған екен.
Осылайша Рут 8 жыл бойы тай боксымен айналысқанының арқасында аман қалды. Ол жергілікті чемпион атанған. Ендігі әлем біріншілігіне қатысуға дайындалып жүр.
Источник: Stan.kz