Қазақстандық боксшы бойы екі метр қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді
Қысқа сілтеме алу
Осылайша Жан Кособуцкий кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Беларусь елінің Минск қаласындағы Astoria Riverside кешенінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің қатысуымен жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
30 жастағы супер салмақтағы қазақстандықтың қарсыласы Босния мен Герцеговинияның боксшысы Срджан Говедарица болды. Оның бойының ұзындығы екі метрге жетеді.
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жан Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді. Осылайша Жан кәсіби карьерасында тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді және оның сегізі — нокаутпен. Ал Говедарица кәсіби карьерасында жетінші рет жеңілді.
Кособуцкий 29 қараша күні кезекті жекпе-жегін Минск қаласында өткізген болатын. Екінші раундта ол жергілікті боксшы Александр Нехайчикті техникалық нокаутпен жеңді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/