Беттегі секпілді кетіру әдістері |
Секпілді біреулер әдемілік шышаны деп баға берсе, бірінің бұл үлкен проблемасы. Бүгінгі күні сұлулықты сүйетін әр әйел заты одан құтылу жолын қарастырады. Жаз мезгілінде көбейе тұсетін бұл дақтың түрі күн астында көп жүргеннен немесе дәрумен жетіспеушілігінен де пайда болады. Ал оның теріде орын алмауынан немесе пайда болмасы үшін не істеуге болады?
• Алдымен, тамақ ішу рационыңызға сәл өзгертулер енгізіңіз.Ол үшін итмұрынның қайнатпасын, лимон қосылған сусынды ішкеніңіз жөн. Ашытқан қырыққабатпен жиі тамақтанып тұрыңыз.
• Күнде бетіңізді лимон сығындысы қосылған сумен сүртіңіз.
• Таңертең жуынып болғаннан кейін әрдайым бетіңізді бір түйір жас қиярмен ысқылаңыз.
• Әсіресе, көктемде күннен қорғанып жүруді ұмытпаңыз. Далаға шығар алдында бетіңізге күннен қорғайтын крем жағып, көзілдірік тағуды әдетке айналдырыңыз!
• Секпілді кетіруге арналған халық емінің ішінде бақбақ гүлдерінің қайнатпасы,үгітілген ақжелкек, ұйыған сүт пен үгітілген бадамнан жасалған маска өте танымал.
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz