Жұт алдында (Абай жолы роман-эпопеясынан үзінді)

0
Күні: 28.01.2019Сынып: 4 Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы М.Әуезов. Жұт алдында Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Шығарманың мазмұны мен идеясын таныту. Табиғат құбылысының тұрмыс-тіршілікке әсеріне оқушы назарын аудару. Сабақтың мақсаттары Барлығы: Мәтін мазмұнымен таныс болады. Көбі: Шығарманың негізгі идеясын ашып, түсіндіре алады Кейбірі: Шығармадағы негізгі ойды өрбітіп өз көзқарасын, пікірін білдіре алады. Жетістік критерийлері Шығарманың мазмұны мен идеясын ашып, түсіндіре алады. Табиғат құбылысының адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерінің зор екендігін, себеп-салдарын түсіндіріп бере алады. Құндылықтарды дарыту Ұлт тарихымен танысу Пәнаралық байланыс Өнер, қазақ тілі сабағы АКТ қолдану дағдылары М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру Тілдік құзыреттілік Эпопея, жұт, табиғат құбылысын сипаттайтын сөздер Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы Арайлап атқан таңмен, жарқырап шыққан күнмен амандасып алайық.Амансың ба, алтын күн?Амансың ба, көк аспан?Амансыңдар ма, достарым?Сендерді көрсем қуанам.Топқа бөліну: Өнер, Жер топтарына бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау: «Кемпірқосақ» әдісіР. Мумеевтің «Алтын іздеген адам» шығармасынан түсінгендерін сұрау. — Мәтін кім туралы?— Өзінің жастық шағынан қандай естеліктермен таныстырды?— Жас күнінде қандай шаруамен айналысқан?— Хантауының қойнауынан не іздеді?— Алтын іздеуіне не себеп болды?— Іздеген алтынын таба алды ма?— Алтын деп отырғаны не еді?— Шығармадағы негізгі түйінді ой не? Кемпірқосақ түстері Сабақтың ортасы Қызығушылықты ояту

  • Кемпірқосақ жылдың қай мезгілінде пайда болады?
  • Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?
  • Қысқы табиғат құбылыстарының адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ықпалы бар ма?
  • Мағынаны тану /Жаңа сабақ./ — Бүгінгі сабақта М. О. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған «Жұт алдында» үзіндісімен танысамыз. 1. Топтық тапсырма. І топ. М. Әуезов туралы не білеміз?ІІ топ. А. Құнанбаев туралы не білеміз? (Оқушылардың жауабы) ҚБ. «Бас бармақ» Кері байланыс бере отырып, толықтыруға мүмкіндік беру. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Әр топтан бір оқушыға оқыту. 3.Сөздік жұмысын жүргізу.Эпопея, бусану, қонағуар, жұмыртқадай қып жылмитып, шаңқай түс, сеңсең сөздерінің мағынасын ашу. 4. Мәтін мазмұнымен жұмыс. — Желтоқсан айы қалай басталды?— Қыс қаталдығын қалай көрсетті?— Қыстың жұт әкеле жатқандығын қалай сезінуге болады?— Халық аяздың қандай түрлерін атады?— Шығармада кімнің ауылы аталады?— Аяз ауыл тірлігіне қалай әсер етті?— Жолаушы үйге кіргенде Абай не істеп отырды?— Тыстан кірген адамның портреттік бейнесін сипаттап көріңдер?— Абай жолаушы қалай қарсы алды?— Келген кім еді?— Қандай жаңалықтармен бөлісті?5. Топтық тапсырма.І-топ: Қыстың мал-жанға жайсыздығын мәтіннен тауып оқу. ІІ-топ: Ауылдағы жұттың қала өміріне әсер етуі мүмкін бе? Ойларыңды дәлелдеңдер. ІІІ-топ: Қонақпен ілесіп кірген аяз қалай «қонақ» бола алмады? (Оқушылардың жауабы)ҚБ. «От шашу»6. Дәптермен жұмысМәтіннен аяз түрлерін жазып алу 7. Шығармашылық тапсырма «Аяз» туралы жұмбақ немесе өлең құрастыру. Бекіту.                       — Қазіргі таңда ауыл тірлігі қала өміріне қаншалықты ықпал етеді?Қорыту: — Балалар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік? Екі жақты күнделік стратегиясы

    Сұр-жауап

    Оқулық

    Ізденіс

    Дәптер

    Кесте

    Сабақтың соңы Үйге тапсырма М.Әуезов. «Жұт алдында» оқу, әңгімелеу. Бағалау Оқушылардың сабаққа қатысуларын төмендегі критерий бойынша бағалауМәтінді түсініп оқуыТапсырмаларды орындаудағы белсенділігіӨзінің ой пікірін дәлелді жеткізе алуы Кері байланыс«Екі жұлдыз бір тілек»

    Жұлдыздар

    Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыс Рефлексия