Қазақша шығарма: Алаштың ардақтысы — Нәзір ата — Шығармалар — Bilim
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Асықата кенті
«Нәзір Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ-нің
6 «А» сынып оқушысы Әбдәшім Гүлсая
Мен Әбдәшім Гүлсая Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан «Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ-нің 6 «А» сыныбында оқимын. Биылғы оқу жылының 10 қыркүйегінде біздің мектебімізге НәзірТөреқұлов атамыздың есімі беріліп, мектебімізге қойылған ескерткішінің ресми ашылу салтанаты ерекше тойланып, атап өтілді. Мектебімізге берілген Нәзір Төреқұлов атамыздың 125 жасқа толуына орай ұстаздарымыз оқушылармен бірге ашық сабақтар өтіп, концерттік бағдарламалар беріп, Нәзір атамыз жайлы біраз мәліметтермен таныстырды. Мектебіміз ішінен ашылған Нәзір атамызға арналған музейді тамашаладық. Енді мен сіздерге Нәзір Төреқұлов атамыз жайлы бар жинаған мәліметтерімді қысқаша айтайын.
Нәзір Төреқұлов атамыз 1892 жылы қазан айында Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келіп, 1937 жылы 3 қарашада халық жауы деген атақ тағып, ату жазасына кесіліп құрбан болған.
Алаштың ардақты жазушысы, профессор, ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат болған Нәзір атамыз Құранды жатқа білген екен. Ол кісі 7 тілді меңгеріп, сөйлегенде жұрт бір қате таппайтын көрінеді. Нәзір атамыздың әкесі қазақ, анасы тәжік ұлтынан болған деседі.
Нәзір атамыз бүгінде қазақ даласына танылған бір үлкен бәйтерек. Ал, біз секілді саналы балалар — сол бәйтеректің жапырақтары. Біздер сол жапырақтар өз ағашынан қандай суық жел соқса да, жаңбыр жауса да үзілмесе және бәйтерегіміз өз жапырақтарын әрқашан қолдап, одан әрі жайқалсын деп тілейміз.
Күнде мектеп алдына келіп, сабаққа кіргелі жатқанымда Нәзір атамыздың ескерткішіне қараған сайын маған күлімдеп тұрғандай көрінеді. Сол алып ескерткішке күнде қарап жүріп, Нәзір атама деген арнау өлеңімді арнадым.
Төреқұлов атама арнау
Төреқұлов атама арнадым мен,
Шетінен жеті тілді терең білген.
Сталинде көре алмады атамызды,
Халық жауы есімімен өлтірткізген.
Нәзір ата жолыңызды жалғастырам.
Мен осы уәдемде тұра алам.
Берді біздің мектепке атыңызды,
Бейнеңізді жасады шебер қолдан.
Бүгін қайта дүниеге келгендейсіз,
Елші ата маған қарап күлгендейсіз.
Бейнеңіз қайта-қайта елестейді,
Мәңгі өшпейді тарихта есіміңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: