Физикалық және химиялық құбылыстар

0

Табиғаттағы заттар мен денелердің өзгерістерге ұшырауы құбылыстарға жатады. Мысалы бұлттардың пайда болуы, ағаштың жануы, найзағайдың пайда болуы және тағы сол сияқтылары.


Осы сабақта физикалық және химиялық құбылыстар мен олардың айырмашылығы баяндалады.


Қандай құбылыс физикалық құбылысқа, ал қайсысы химиялық құбылысқа жататыны анықталады.


Физикалық құбылыстар


Темір сымды майыстыру, соғу, пішінің өзгерту физикалық құбылысқа жатады. Себебі бұндайда темір сымының химиялық құрамы өзгермейді, бұл баяғы темірден жасалған сым.


Я болмаса суды тоңазытқышта салқындырып қатты затқа — мұзға айналдырсаңыз, су құрамы өзгермейді. Судың тек агрегаттық күйі өзгереді. Бұл баяғы су.


Физикалық құбылыстар бұл заттын пішінінің, агрегаттық күйінің өзгеруі ғана болатын құбылыстар.


Химиялық құбылыстар


Темірдің далада тұрып тот басуы, химиялық құбылыстарға жатады:


Темір тотығы


Себебі бұнда қызғылт түсті жаңа зат — темір тотығы пайда болады. Темір берік зат болса, темір тотығы үгінді болады. Бұл басқа зат.


Темір тотығы ауадағы оттегі, су мен темірдің әрекеттесуінен пайда болады.


Химиялық құбылыстар дегеніміз жаңа заттардың түзілуі. Атомдар мен молекулалардың әрекеттесіп жаңа заттардың пайда болуы.

Пән: Химия