Баяндама:Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жұмыстары.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Баяндама:Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жұмыстары.
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жұмыстары.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан — жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Н. К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын — оқу, олар үшін ойын — еңбек, олар үшін ойын — тәрбиенің маңызды түрі. Ойын — баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын — баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс — әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой — өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Мақсаты:— Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан — жақты жетілдіру;— Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.Міндеттері:• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.• Балаларды адамгершілікке баулу.• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс — әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым — қатынас мәдениетін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже:Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады;Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді. Театрландырылған ойындар ойын — қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой — өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата — аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саусақ ойын
жаттығулары Мақсаты: Балаларға саусақ ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.Міндеттері: Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіру;Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;Әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан — жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындарды балалар қызықтап ойнайды.Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай — ақ ойнау іс — әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан — жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші. Балалардың тілін дамыту үшін бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.«Салат» саусақ ойыныСәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды).Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).«Кірпі» жаттығуыМомақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).Кіріп кетсе қолыңа,Өкпелеме жарайма!«Достық» жаттығуыБіздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)Бір, екі, үш, төрт, бес… (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)Қайтадан санауды бастаймыз.Бір, екі, үш, төрт, бес..Енді санауды аяқтадық (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).Сергіту:Санайық жаңашаБір, екі, үш!Желбіре жалауша,Достықта біздің күш.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Оларды атап шақырар,Әрқайсысының аты бар.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.«Фигураларды құрастыр» жаттығуыМақсаты: қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.Төмендегідей тапсырмалар беріледі:1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;3. Үй құрастыру;4. Жалауша құрастыру;5. Жұлдызша құрастыру.«Санамақ» ойыныМақсаты: кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.Бір, екі, үш, төрт, бес,Анаммен сурет саламын, (алақанды жұмып ашады)Міне басы, міне іші (қолды шеңбер жасап айналдырады)Аяқтары, қолдары, көздері (қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)Аузы, сақинадан жасалған (ауада сақинаны салу)Әдемі шашы да бар (қолдарын екі жаққа ашады)Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)Сол аяқпен секіремін (орында жүру)Саусақ ойындарының нәтижесінде:— Баланың тілі жетіледі;— Қимыл — қозғалысы артады;— Икемділігі артады;— Қисынды ойлауы дамиды;— Танымдық деңгейі артады.Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.