«Математикалық сандық» 5-6 сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Математика Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 5 сынып
Сабақ тақырыбы: «Математикалық сандық»
Сабақ мақсаты:Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын, өз беттерімен әрекет ету дағдыларын дамыту.Сабақ міндеттері:
- Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
- Ой — өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Жабдықталуы: Тапсырмалар, сұрақтар, презентация, кеспе қағаздар.
Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру.1. Сәлемдесу2. Сайыс жоспарын таныстыру.3. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысады.
Жарыс кезеңдері:Сайыс «Математикалыық сандық» деп аталады. Оқушылар математика еліне саяхаттауға шығады. Саяхат барысында кедергілерден өтіп, «Математикалық сандыққа» келеді. Сандыққа қол жеткізу әр қақпадан өтіп, тапсырмалардың барлыған орындаулары қажет. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға «тиын» беріліп отырады. І. “Ағаш есік” тапсырмалары (Тақтада «Ағаш есік» тұрады. Соны ашып ішіндегі жұлдыздарға жазылған тапсырмаларды орындайды).ІІ. “Темір есік” (математикаға қатысты жұмбақтар жасырыңған).ІІІ. “Күміс есік” (Экранда деңгейлігіне қатысты 10, 20, 30, 40 ұпайдан тұратын тапсырмалар берілген).ІV. «Конверт» (Тақтада түрлі түсті конверттер ілінген, конверт түсін таңдау арқылы ішіндегі тапсырмаларды орындау керек)
Әділқазы алқасын сайлау.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Математика әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!1 – кезеңМәңгі бақи есте қалар,Қызықты бір жиын болсынБілімдірек шәкірт озар,Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Ағаш есігі» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл кезеңде оқушылар құрлықта тұрған қайықтардың тапсырмаларын орындайды.2 – кезең:Ойынымыздың IІ кезеңі “Темір есік” бұл кезеңде математикаға қатысты жұмбақтар берілген.
3 – кезең:Келесі кезең «Дода» деп аталады. Бұл кезеңде экранда деңгейлік тапсырмалар беріледі.
4 – кезең:V – кезең “Конверт” топтар конверттің бірін таңдап, ішіндегі тапсырмаларды орындау керек.
- (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріпсәйкес келеді. Бірдей цифрларға бірдей әріптер сәйкес келеді. 1747 санына сәйкес келетін сөзді табыңдар. (40ұпай)
1). 5737 АРЗУ2). 7147 КУЗУ3). 6237 СУЛУ4) 1747 УСЛУ Жауабы: 1747 СУЛУ.
- Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.Қосылып кейде басымыз,Азайып кеде қаламыз.Бөлініп кейде арамыз,Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
- Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
4. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
5. Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан.Шұнақ құлақ бес ешкі,Қос лақты қос ешкі.Екі қозылы екі қойБәрін бірге санап қой. (15) 6. Бес тоғыздықпен 10 санын қалай алуға болады? ( (9•9) : 9 + 9 : 9)
7. Қадай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар ( (1+2+3+4) : 5 = 2 )
9. Сан тізбегін жалғастыр : 9, 1, 7, 1, 5, 1,………. (3, 1) 3, 7, 11, 15, 19……….( 21 ).5 – кезең:«Математика патшалығы» бұл кезеңде топтарға ортақ бір логикалық тапсырма қойылады. Дұрыс жауап берген топ, сынып жеңілпаз болады.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.