«Табиғат тылсымы» өзін-өзі тану пәнінен

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Табиғат тылсымы» өзін-өзі тану пәнінен

Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

3 сыныпқа арналған




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп : №20 жалпы орта білім беретін мектепМерзiм: 15.01.2018 ж Мұғалiм: Молдашева Айгуль АнуарбековнаСынып: 5-сынып Оқушылар саны: 14 Тақырып: №27 Табиғат тылсымы Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: риясыз қызмет ету, шынайылық, жанашырлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғат туралы әңгімелей отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушыларды шынайылыққа үйрету
  • Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу
  • Оқушылардың қоршаған ортаға риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту
  • Ресурстар: (дәптер, кітап, слайд, )
    Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесі.Тыныштық сәтi.
  • Орманға ойша саяхат

  • Үй тапсырмасын тексеру:
  • №27 сабақ, 94 — бетӘ Ысқабаев «Бесағаш бұлағы»1.Қасымбек Бесағаш бұлағын неліктен сонша жақсы көрді?2.Ақсақал неліктен бұлақ көзін ашу үшін еңбектенді?3. Мәтіннен сүйіспеншіліктің қай түрін көруге болады?

    Ескерту
  • Дәйексөз
  • Сүйіспеншілік – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі. А.Ж.Сталь1. Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар

    Анна Жерман Сталь Француз жазушысы, гуманды педагогикаға үлес қосқан, балаларды тәрбиелеу туралы еңбектер жазған.
  • Оқиғаларды әңгiмелеу
  • Баяғы өткен заманда бір аралда Бақыт, Мұң, Сүйіспеншілік, Байлық, Уақыт, Такаппар, Білім өмір сүрді. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

    – Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

    Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

    – Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

    Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

    – Ooо…Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

    Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: –Ол– Уақыт,–деді.

    – Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, — Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?–деді.

    Білім күліп,ақылмен жауап берді: –Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.

    Әңгімеге байланысты сұрақтар:-Сүйіспеншілікке баскалардың көмектеспеуіне не себеп болды?-Неліктен уакыт қана сүйіспеншілікке көмектесті?Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер?

  • Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. Берілген жағдаяттарды шешіңіздер. Үш топқа бөлінеді.
  • Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
  • Саятқа қандай кеңес берер едің
  • Ербол үйіндегі кәрі ата-әжесінің мазасыздығына құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығына түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
  • Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
  • Сенің сыныбыңдағы бір оқушыны ешкім ұната бермейді, ойынға қоспай мазақ етеді. Ол үнемі жалғыз жүреді. Сенде оларға қосылып мазақтар ма едің, әлде…
  • Топпен ән айту.
  • «Бес құндылық әні» «Әкеге арнау» әнінің әуеніменСөзі: Мұғалім шығармашылығы Әні:Бауыржан Есебаев1.Ақиқатпен жүру өмір бастауыШындық туын биік ұста асқарлыДұрыс сөйлеп, дұрыс ойлы іс жасап,Жақсылықпен атсын таңым арайлы.Қайырмасы:Сүйіспеншілік біздің әркез жүректе,Риясыз іске ұмтылдырар әлбетте.Нұрландырар құндылықтарды танып,Бағыт алғын ізгілікпен әлемге.Ей, адамзат ойлан әрбір ісіңдіӨмір мәнін түсіне біл, бір демде!2.Мейірімді бол, жылы сөзбен жанды емдеҚиянатқа жоламағын бекергеӘрқашанда ар – ұжданға сүйеніп,Тыныштыққа келу керек әр пенде.Қайырмасы:

  • Үй тапсырмасы. №28 сабақ102-бет, «Аққулар мекені».
  • Авторы: Ы.Кененбаев мәтінін оқып келу.

  • Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
  • Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктеріңді, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар!— Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

    Өзін-өзі тану сабағының жоспары

    Мектеп №20 жалпы орта білім беретін мектепМерзiмі: 19.01.2018ж Мұғалiм: Молдашева Айгуль АнуарбековнаСынып: 4-сынып Оқушылар саны: 14 Тақырып: №10 Адал достықҚұндылық: Ақиқат Қасиеттер: Адалдық, жауапкершілік, шыншылдық

    Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойына адалдық қасиетінің маңызын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу Міндеттері:1. Оқушыларға адам өміріндегі адалдықтың маңызын түсіндіру2. Оқушыларға шындықты жалғаннан ажырата білуге үйрету 3. Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу Ресурстар: (дәптер, кітап, слайд, )
    Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. 5Т ережесі
  • Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру №9 сабақ «Сыпайы қоян» әңгімесі 1. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды2.Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті 3.Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласың

    Ескерту
  • Дәйексөз Айнымас досы бар адам -ең бақытты адам Халық мақалы
  • Айнымас дос дегенді қалай түсінесіңдер ?

  • Оқиғаларды әңгiмелеу
  • Аңыз әңгіме: Адам ақиқатты қалай таниды? Ертеде шығыс елінің бір шаһарға піл әкелген екен. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен – саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді. Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Дорбаларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз. Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды, әрбір тұжырым не – ақиқат, не – жалған. Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді, екі жерде екіміз төрт, бес, тағы басқа кез келген сан болар еді, су нөл градуста да, жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді. Онда тіпті кез келген адамның өз ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы, долбары дұрыс болар еді, әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың», қаптаған «сәуегей сарапшылардың», сезімтал жазғыштардың, ойсоқты пәлсапашылардың. Иә, ақиқат біреу-ақ, яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ, қалған жолдардың барлығы одан алыстатады. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол, ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегі жолдар. Ал, қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу, ақиқатты тану жоқ. Мейліңтіріл, мейліңөл, ақиқатдеген осы! 1. Ақиқатқа апаратын жол қайда? 

  • Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. 5 оқушының көздерін байлап қамшыны қолдарымен сипап сезу арқылы қандай зат екенін айту
  • Топпен ән айту. Жан досым
  • Сөзі мен әні:Б.Батырбекова, А.Меңжанова1.Сүйемін, құрметтеймін достың атын,Дос барда талмайтындай қос қанатым.Қосылып жүректегі сырларымыз.Арманның асқарына жол табатын. Қайырмасы:Өмір сәні достықта,Көңіл нәрі достықта.Жүректі мәңгі жалғадық.Сырға сырды қостық та.  қайырмасы:

  • Үй тапсырмасы
  • . № 10 сабақ  «Екі дос» ертегісін оқып келу 

  • Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
  • Баяу музыка қосылады Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әруақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.