«Г» мен «ГҮЛ» сөйлейді
Еуропа (орыс) халқында гүлді жұлып алып ұзатылатын қыздың аяғының астына шашатын әдеттері бар. Бұл әдет қазақи дәстүр мен қазақи тәрбиеге мүлдем қайшы дүние. Қазақ «биыл бір гүл жұлсаң, кейін он гүл шықпайды» деп шөпті жұлмаған, гүлдей соласың деген. «Табаныңа гүл бітсін» деген сөз, гүлді жұлып алып, аяқтың астына тастасын деген емес, ол мүлдем басқа. Жүрген жеріңнің бәріне гүл өсіп, өте әдемі, сұлу болсын, тек қана жақсылық істе деген мағынасы мен қатар ұрпағың үзілмесін дегенді білдіреді.
Гүл – Гу (Қу) және Үл (Ұл) деген екі біріккен сөзден тұрады. Гүлдің сөз түбірі (өз түбі) «үл» (ұл) болатыны осыдан. Демек, қазақ үшін гүлді жұлу, өз ұрпағымыздың болашағына балта шабу деген сөз. Бұл сөздің екі мағынасы бар. Ұлың – ер бала. Гүлің – қыз бала. Осы сөздің түбірінен туындаған «үлбіреген» деген сөзді тек қана қыз балаға немесе жас келінге қатысты қолданылады.
Гу-дің толық мағынасына келсек, ХIХ ғасырда бүкіл Дешті Қыпшақ (ежелде Қазақ даласын осылай, Қыпшақ даласы деп атаған) руларын хатқа тізген қазақ ғалымы Мұхаммед Салық Бабажанов (1834-1893) Адай қауымының екі тайпасының есімін Ад-гу, Ад-лу деп жазыпты. Ад-Гу дегені — Ұлы Адтар (Құдайке), Ад-Лу дегені Ад ұлы (Келімберді). Қазақтың – Адай – Балықшы руынан шыққан ұлы Ғұламасы Жүсіп Баласағұнның (Балықшы Сақ Ғұнның) әлемге әйгілі өз еңбегін «ҚҰТАТГУ БІЛІК» деп атауының сыры осы.
Әңгіменің қысқасы, Адайлар тарихтың әр кезеңінде өздерінің арғы түбі – Ад екенін ұмытпай, байырғы есімдерін қайтарып алып және Атамекен Маңғыстауына «Сауран айналып» қайта оралып отырған.
«Г» — Гүл – үлбіреген қыз бен бозбала. Гүл – Гу (Қу) мен Ұл деген екі біріккен сөздер тұрады.
Г-ден басталатын сөздер: 1.Га (Га-Га, Газ), 2.Гә (Гәп, Гәкку), 3.Гө (Гөй-Гөй, Гөрі), 4.Гү (Гүл, Гүж-Гүж, Гүрс-Гүрс, Гүріл), 5.Гу (Гуле, Гу-Гу әңгіме). Бірінші буында осы бесеуінен басқа сөз жасалмайды. Адамзаттың даму, есею кезеңін білдіріп тұр.
Қазақ Әліпбиінде 1.А (Ата), 2.Ә (Әке), 3.Б (Бала), 4,Г (Гүл). Гүл қыз бала деген мағына береді. 5.Ғ (Ғылым), 6.Д (Ад, Дай). Бұл Адам Атаның бастау алатын жері, яғни алғашқы Ад қауымы. 7. «Е» Ер (Ер-Азамат)… (Жалғасын мына жерден оқуға болады «Латынға барар жолда» http://abai.kz/post/53374).
Қазіргі қабылдаған латын әліппемізде осы «Г»-нің орнында «Д» тұр. Қазақи сөз жасау жүйесі бойынша төртінші болып Dd (Д) емес, Gg (Г) болғаны жөн болар еді.
Қорытынды: «Гүл өссе, даланың көркі, Қыз өссе, елдің көркі» делінеді қазақ даналығында. Г-гүл (қызғалдақ), яғни қыз бала деген мағына береді. Қазақта «Г» дыбыс-таңбасынан басталатын Ер-Азаматтың есімі қойылмайды.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім,
Маңғыстау