Астанада мас полицей жол апатын жасаған
Астанада рөлге мас күйінде отырған полицейдің кесірінен жол апаты болды.
Осынау сәтті видеоға түсіріп алған бойжеткен оны Insagram әлеуметтік желісіндегі топтардың біріне жариялаған. Полиция қызметкері бойжеткеннің көлігін соққан. Бейнежазбада рөлде отырған ер адамның мас екені анық көрініп тұр. Елордада мас күйде жол-көлік апатын жасаған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.
«Астана қалалық Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметінің полицейі 24 желтоқсан күні жол апатын тудырған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, ол 25 желтоқсанда жұмыстан қуылды. Сондай-ақ, жол апатын тудырғаны үшін оған әкімшілік материал құрылды», ― делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін де Жамбылда мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған. Полицей уақытша қызметінен шеттетіліп, оған қатысты тексеріс жүріп жатыр.