Түркиядағы әскери базада жарылыс болды: 30 адам зардап шеккен — Жаһан
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккари провинциясында орналасқан әскери базада оқ-дәрілер жарылып, түрік әскерінің 32 әскери қызметкері зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елдің Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
«Апат Хаккаридегі базаларымыздың бірінде болды. Апаттың салдарынан 25 адам жарақаттанды, олар ауруханаға жеткізіліп, ем алып жатыр. Құтқарушылардың күшімен жеті адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомстводағылар.
Мәлімдеме бойынша, жарылыстың себебі ауыр қару-жарақтың ақаулығынан болған.
Тергеу жүріп жатыр.