Өзбекстан президенті Азиядағы «жыл адамы» атанды
Азия журналистері Ассоциациясының нұсқауына сәйкес, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Азия мемлекеттері ішінде «саясат» деңгейі бойынша жыл адамы болды. Бұл туралы Өзбек телеграф агенттігі хабарлады.
«Өзбекстан басшысы «саясат» номинациясы бойынша Орталық Азиядағф елеулі еңбегі сіңген президенттердің көшін бастады. Әрі Мирзиеев көрші елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасай білген», — деп хабарланды The Korea Times басылымы.
Шавкат Мирзиеев 2016 жылдың желтоқсанында президент тағына отырғаннан бастап саясатты реформалады, ел экономикасы мен адам құқығына ерекше назар аударды, саяси тұтқындарды босатты. Мәдениет саласына да ден қойды.
Марапаттау рәсімі көктемде ассоциацияның бас ассамблеясында өтеді.