Жиын кезінде бір топ депутат төбелесіп қалды
Украинада депутаттар жиын кезінде төбелесіп қалды.
Бұл жайт канондық украин православие шіркеуінің атауын өзгертуге байланысты заң жобасын талқылау жиынында болды. Бұл ұсынысты жиындағы 240 депутат мақұлдады. Алайда дауыс беру аяқталғаннан кейін 10 шақты депутатттың арасында жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Оппазициялық өкіл Нестор Шуфрич қарсы тараптың плакатын подиумнан алып тастауға тырысқан. Оның бұл әрекеті Юрия Береза атты әріптесінің наразылығын тудырып, кейін олардың арасындағы дау бір топ депутаттың төбелесіне ұласты.
Дереккөз: Qamshy.kz