Ер азамат биші қызға ақша бергені үшін айыппұл төледі

0
Ер азамат биші қызға ақша бергені үшін айыппұл төледі


Тәжікстанның оңтүстігінде Шамсиддин Шохин ауданының соты Youtube жұлдызы Кадами Курбонға «Салт-дәстүрлер тәртібі туралы » заңды бұзғаны үшін 3 мың сомони (300 доллар) айыппұл салды.

Шамсиддин Шохин ауданының Чагам ауылының 48 жастағы тұрғыны Кадами Курбон әзіл-сықақ әндерімен танымал болды. Оны жүз мыңдаған көрермен Интернет арқылы тамашалайды. Аудандық соттың жауапты қызметкері Бобомурод Наджмиддинзоданың хабарлауынша, Кадами Курбон баласының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқан. Тәжікстанда «Салт-дәстүрлер туралы» заң үйлену тойлары мен салтанатты кештерде биші қыздарға ақша беруге тыйым салады.

«Кадами Курбонның заң бұзғаны туралы видео Интернетке жүктелген», — деді Наджмиддинзода. Оның айтуынша, судья Курбонға он күн ішінде айыппұл төлеуге міндеттеген. «Кадами Курбон сот шешіміне қарсы шықпады», — деді аудандық сот қызметкері.

​Кадами Курбон ұлының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқанын мойындады. «Бірақ ол видеоның интернетке қалай түскенін білмеймін», — деді сықақшы.

Дереккөз: centralasian.org