«Пранк деп түсіндім»: ломбардқа қарумен келген ер адамды тоқтатқан студентке кәсіпкер қымбат телефон сыйлады

0

Шымкентте ломбардқа қарумен кіріп келген белгісіз ер адамды полицияға ұстап берген 18 жастағы Ұлықбек Ахметов қылмыстың алдын алды. Бірінші курс студенті ломбардқа ұялы телефонын өткізіп, оқу ақысын төлегісі келген, деп хабарлайды KZnews.kz тілшісі.

Айтуынша, ломбардта тұрған уақытында өзінен кейін бетін тұмшалаған тағы бір ер адам кірген. Алдымен ломбард қызметкерлерінен кеңес сұраған белгісіз адам біраздан соң қалтасынан қару шығарды дейді Ұлықбек Ахметов. «Менің ұялы телефонымды қабылдау процесі аяқталар кезде маскадағы жігіт қалтасынан қару шығарды. Мен оны пранк деп түсіндім. Сөйтіп досыма қарап күлдім. Қалжың деп қабылдап өзінен де сұрадым. Ол әзілдеп тұрмағанын, кассадағы қыздардан ақша талап ететінін айтты. Сол кезде мұрынынан ұрдым. Қанша рет жұдырықтағаным есімде жоқ. Тек жерге құлап, қаруы ұшып кеткенде тоқтаттым», — дейді Ұлықбек Ахметов.