Алматы облысында анасы екі жасар науқас баласын ұрып өлтірді
Қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
Алматы облысында анасы екі жасар мүгедектігі бар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті оқиғаны растады.
Қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
«Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
фото: ашықдереккөз