Жағымсыз пікірлерге Бишімбаев емес, қоғам кінәлі — Назым Қахарман соттың шешімін мұқатты

0

Ол сот залында балаларды тергеу сағаттарға созылғанын айтты

Сот Назым Қахарманның бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруға берген арызын қанағаттандырмаған. Ол желіде сот процесінің қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Назым Қахарман «балаларға психологиялық зорлық көрсету», «ата-ана құқығынан айыру», «балалардың тегін ауыстыру» бойынша арыз берген. Ол сот отырысының қалай өткенін айтып, судьяның шешімін кекете жазды.

«Мені екі сағат бойы тергеді. Салтанаттың ағасы Айтбекті тергеген кезді көрген шығарсыздар, менің балаларым да соны басынан өткерді. Балаларды сонша стресске салу қаншалықты заңды екенін білмеймін, басында бір ғана сұрақ болады деген еді. Куәгшер ретінде келген біздің бала күтушіміз Қуаныдқтың Салтанатты балалардың көзінше ұрғанын айтты, екінші куәгеріміз әлемуметтік желіде балаларға «хейт» сөздер жазылғанын айтты. Бірақ судья балалардың кекештеніп, дірілдеп тұрмағанын алға тартып, психологиялық зардап шектегене деген шешімге келді», — деді Қахарман.

Ол судьяның негізгі шешімдерінің қандай болғанын көрсетті.

«Бишімбаев қамауда болғандықтан, ата-аналық міндетін атқара алмай отыр. Бұл дәлелді себеп.

Соттың ашық өту туралы шешімді  Бишімбаев қабылдаған жоқ, ол ашық соттың  резонанс тудыратынын білмеген;

Балаларға жазылған негативті пікірлерге Бишімбаев емес, қоғам кінәлі;

Бишімбаев ішімдікке салынбаған, есіркі пайдаланбаған, есі сау, құмар ойындар ойнамаған, алимент төлеген болып шықты.

Салтанатпен некесі заңды болмаған, сондықтан ол балалардың отбасы мүшесі болып саналмайды.

Сот психологиялық зорлық жасалмады дейді;

Ең қызығы, Бишімбаев түрмеде отырғандықтан, ешқандай залал тигізе алмайды екен», — деді назым Қахарман.

Бұған дейін, Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызбен жүгінгенін жазған едік.

Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Қылмыс 2023 жылы 9 қарашада елорданың сол жағалауындағы мейрамханада жасалған болатын.

Ал Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.