Мәһрге 2 мың кітап сұраған актриса көпті таңғалдырды
Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова мәһрге не сұрағысы келетінін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, ол бұл кітаптарды ұрпақтарына қалдырғысы келеді.
«Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым — үлкен кітапхана жасау. Мен шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Әшейін кітап емес, бір сирек кітаптар берсе. Басты мақсат — бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен», дейді актриса.
@brat_ili_brak3 Келеси кмнен сураймыз? #братилибрак3 #corichgroup♬ оригинальный звук — Brat_ili_brak3
Желі қолданушылары актрисаның бұл шешімін қолдап пікір жазған.
«Міне, жақсы адам», «Ақылды қыз! Жарайсың, қызым», «Өте тамаша», — деп жазған олар.