Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 12:07 14

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев актриса Самал Еслямоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақордада еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттаған Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын актриса Самал Еслямоваға, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ аға оқытушысы Ян Рудковскийға берді.

Сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының қорытушысы Теміржан Бекжанов алды. Ал  ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы Асқар Ақшаев, Қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Алтынбаев, Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов марапатталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ІІМ Астана қалалық полиция департаменті Жол-патурльдік полициясы полкі қызметінің инспекторы Азамат Балтабаев, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ІІМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қызылорда қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі»  Әскери бөлімінің рәсімдік батальоны құрмет қарауыл ротасының бөлімше командирі Әділхан Төребеков ие болды.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz