Цех күзетшісін өлтірген күдіктілер ұсталды

0

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде Қазір олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

«Алматы облысының полицейлері адам өліміне қатысты күрделі қылмысты ашып, оған қатысы бар деген күдікпен екі азаматты ұстады»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға қараша айында Талғар ауданындағы шойын құятын цехтердің бірінде орын алған. Таңертең цех күзетшісінің мәйітін тауып алғандар полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 43 жастағы азаматты өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын шұғыл бастады. Қылмысты жан-жақты қарастыру мақсатында арнайы топ құрылды.

«Аса ауыр қылмысты не мақсатта және кім жасауы мүмкін? деген сауалмен тәртіп сақшылары әртүрлі нұсқаларды қарастырды, оларды тексерді. Тәжірибелі полицейлердің жан-жақты жүргізген іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген 30 және 32 жастағы екі азамат ұсталды. Оның бірі – шекаралас мемлекеттің азаматы болып шықты. Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін труба сынығы табылып, ол іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Алдын ала тергеу барысында күдіктілердің бірі аталған цехке жақын маңда бұған дейін жұмыс жасағаны және сол түні түрлі-түсті метал сынықтарын ұрлау мақсатында цех аумағына кіргендері анықталды. Дегенмен, цех күзетшісі олардың жымысқы әрекетін іске асыруға кедергі келтіргені анық.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде Қазір олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!