Конусты тісті беріліс туралы негізгі түсінік

0

Мазмұны
1. Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3
2. Конусты тісті беріліс туралы негізгі түсінік … … … … … … … … … … … … 4
3. Конусты тісті берілістегі дәлдік дәрежесі туралы түсінік және олардың берілістің сапасын сипаттаудағы әсері … … … … … … … … … … … … … … ..6
4. Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 11
5. Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..12

Кіріспе

Машина двигательдерінің айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты қозғалыспен байланысты. Егер двигательдердің айналу жылдамдығын төмендетсек, олардың габариттік мөлшері ұлғайып, бағасы қымбаттайды.
Берілістер арқылы жылдамдық төмендейді, ал күш моментінің шамасы жоғарылайды. Энергия сақтау заңы бойынша берілістердің пайдалы әсер коэффициентін ескермесек, жылдамдықты қанша рет кемітсек, күш моментін сонша рет жоғарылатамыз. Ал бұл жағдай іс жүзінде барлық машиналар үшін керек.
Берілістер айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін қажет. Сондай-ақ олар бір двигательден бірнеше механизмдерге қозғалыс беру үшін қолданылады. Берілістер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Бүгінгі өмірімізде халық шаруашылығының қандай да бір саласына көз салсақ, онда көптеген инженерлік мамандықтарды кездестіреміз. Олар инженер конструктор, механик, электрик, технолог, кенші, металлург, геолог жәнет.б. болыпжалғасабереді. Осы мамандардыңбіртобызаманымыздыңталаб ынасайқұдыретікүштіжаңамашиналар мен аспаптар, механизмдер мен автоматтандырылғанжүйелернемесеробо ттарконструкциясынжасаса, басқаларыолардымамандығынабайланыст ыөзөнеркәсіпсалаларындатиімдіпайдал анып, жаңаөнімді технология түрлерінашып, адамзаттыңөмірсүруінжеңілдетіп, хал-жағдайы мен тұрмысынжақсартуғаатсалысады.

Конусты тісті беріліс туралы негізгі түсінік

Беріліс — қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобильқозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.
Осьтері қиылысатын біліктердің арасында қуат беру үшін конусты тісті берілістер қолданылады, олар көбінесе 90° бұрыш-пен қиылысқан біліктер арасында куат алмастыру үшін кездеседі.
Тісті беріліс деп, екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті берілісдеп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер айналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.
Осы жерде тісті берілістерге қатысты, терминдер, анықтамалар, белгілеулер 16530-83 МЕСТ Тісті берілістер, 16531-83 МЕСТ Цилиндірлі тісті берілістер және 19325-73 МЕСТ Конусты тісті берілістер стандарттарына сәйкес келеді.
Тісті іліністер жоғарғы кинематикалық жұптарды құрайды, өйткені теория бойынша тістер сызықтың бойымен немесе нүктелермен жанасады. Жұптағы тісті дөңгелектердің кішісін шестерня деп, ал үлкенін — дөңгелек деп атайды. Диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақтың секторын тісті рейка деп атайды.
Тісті берілістерді көптеген белгілеріне қатысты сұрыптауға болады: білік өстерінің орналасуына (параллель, қиылысатын, айқасатын және өстері сәйкес келетін); жұмыс істеу жағдайларына (жабық — майлы ваннада жұмыс істейтін және ашық — құрғақ жұмыс істейтін немесе оқтын-оқтын майланып тұратын); сатысына (бір сатылы, көп сатылы), дөңгелектердің өз-ара орналасуларына (ішкі және сыртқы іліністі); біліктердің айналу жіліктерінің өзгеруіне (төмендететін, жоғарлататын); тіс кесілетін беттерінің пішіндеріне (целиндрлі, конусты); доңғалақтардың шеңберлік жылдамдықтарына (баяу жүргіш — жылдамдығы 3 мс дейінгі, орташа жылдамдықты — жылдамдығы 15 мс дейінгі, жылдамжүргіш — жылдамдығы 15 мс жоғары); доңғалақ бетіне тістердің орналасуларына (түзу тістілер, қиғаш тістілер, қисық сызықты шеврон тістілер); тістердің профильдерінің формасына (эвольвентті, шеңбер доғасымен шектелген, циклоидты) байланысты жіктеледі
Цилиндрлі тісті берілістерге қарағанда конусты берілістерді дайындау және жинау қиынға түседі, оған арнаулы станоктар мен құралдар керек. Ілінісу өлшемдерінің ауытқуынан баска құраушы конустардың төбе бұрыштарының дәлдігін және ұйқасуын сақтау керек. Бір конусты дөңгелек іс жүзінде көбінесе консольды күйде орналасады. Бұл жүктін, бірқалыпты тарамауына әкеліп соғады. Бірақ мұндай кемшілігіне қарамастан, конусты берілістер машиналарда көп тараған, себебі машина тораптарының орналасу шартына байланысты әр түрлі бұрышпен қиылысқан біліктерді қосуға мәжбүр боламыз. Олар тік тісті, қисық және дөңгелек тісті болыпжасалады.
Айналу жылдамдығы 2…3 мс-қа дейін болғанда, тік тісті конусты берілістер, егер жылдамдыры одан жоғары болса, дөңгелек тістілер қолданылады, себебі олар шусыз жұмыс істейді.
Конусты тузу тісті берілістердің өлшемдері бүйірлік және орташа модульдер арқылы шешіледі, ал қисық тісті конусты берілістерде қосымша қалыпты модуль өлшемі енгізіледі. Бүйірлік модулінің өлшемін үлкен диаметрі аркылы ажыратамыз.
Артықшылықтары: тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (ондаған мың кВт) және басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шағын келеді, басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі, тісті берілістер өте шыдамды келеді, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін 0,97…0,98), жылдамдығы үлкен (150 мс-ке дейін) және беріліс санының диапозоны кеңірек (бірнеше жүздеген).
Кемшіліктері: жоғары дәлдікті берілісті дайындаудың күрделігі; дойындау мен жинаудың дәлдіктерінің жеткіліксіздігінен жұмыс барысында шудың көбейуі, жетектегі біліктің айналу жиілігін сатысыз реттеудің мүмкін еместігі және қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы.

Конусты тісті берілістегі дәлдік дәрежесі туралы түсінік және … жалғасы