Ақтөбедегі шошқа фермасы директоры: Әкімдік біздің салықтан мектеп пен мешітті ұстап отыр

0

Ақтөбеде дауға айналған шошқа фермасының қожайыны Гайк Тертерян Армениядан видео үндеу жолдап осылай деген.

— Егер үкімет ферманы жабу керек деп шешсе, біз оны жабамыз. Бірақ бұл бір сәттік мәселе емес. Онда көптеген жануарлар бар. Оларды жою уақытты талап етеді. Егер ол шешім қабылдаса! Бізде әлі екі жыл бар. Несиелерді қайтаруымыз керек. Сонымен қатар, мен облыс бюджетіне салық түрінде жүздеген миллион теңге төлейтінімізді айтқым келеді, олардан мешіттер, мектептер ұсталады, мұғалімдердің жалақысы және т.б. төленеді», — деді Гайк Тертерян.

Облыстағы барлық мектеп пен мешіт осы бір шошқа фермасының салығына қарап отыр ма? Бұл арандату. Мұсылмандарды, қазақ халқын сыйламау деп түсінуге болады.