Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері туралы қазақша

0

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және Қазақстан Республикасының әскери доктринасы

Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы елімізге өте қиын, бірақ маңызы зор міндетті ˗ өзінің Қарулы Күштерін құруды жүктеді. Ал бұл міндет жаңа заңнамалық негізді қалыптастыруды, республиканың географиялық жағдайы мен ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары, оның қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті сақтауды айқындай отырып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қарулы Күштерінің түбегейлі міндеттерін анықтап береді. Өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабының 12-тармағында Президент Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми кеңесе отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізеді, сондай-ақ басқа шаралар қолдана алады деп жазылған.

44-баптың 17-тармағында Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қауіп төнген жағдайда елдің бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізілетіні, ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлаланатындығы айтылған.

Қарулы Күштердің құрылуы еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға бағытталған. Бұл Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен анықталып көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабының 1-тармағында Қарулы күштер агрессорларға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды қорғау мен күзету, сондай-ақ әуе кеңістігін қорғау үшін тағайындалады деп көрсетілген.

Әскери доктринада Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың бейбіт кездегі міндеттері айқындалған. Олар:

˗ жауынгерлік әлеуетті, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын, басқару органдары мен әскерлердің әзірлігін, бейбіт кезең штатына сай төмен қарөынды әскери қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегінде кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тойтарып, тоқтатуды қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;

˗ әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыдан маңызды учаскелерін қадағалау;

˗ теңізде, құрлықтық қайраңдарында және Қазақстан Республикасының экономикалық аумағында Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау;

˗ маңызды әскери мемлекеттік нысандарды күзету;

˗ елдің кез келген ауданында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шешуші іс-қимылдарға әзірлікті көрсету;

˗ орташа немесе жоғары қарқынды қақтығыстың қатері туындаған жағдайда Қарулы Күштердің стратегиялық дамыту дайындығын қамтамасыз ету;
˗ диверсиялар мен террористік актілерді болдырмау және олардың жолын кесу;

˗ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бітімгершілік, гуманитарлық және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл міндеттерді Қарулы Күштер арқылы шешу Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері және әскери құрылымдарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-бабының 3-тармағында: «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады» делінген.

Қоғамдық қорғанштың тағы бір кепілі – әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оның құрамына енуіне жол бермеу.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабының 2-тармағында: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс»,-деп көрсетілген. Осылайша Қарулы Күштер тарапынан өкіметке қарсы бағытталған саяси іс-әрекеттер Конституцияға қарсы болып табылады.

Ел ішіндегі отансүйгіштік пен бірлікті қолдауда әскер маңызды рөл атқаруы тиіс.

Заң шығарушы база Республика қарулы күштерінің тұжырымдамасы мен қорғаныс доктринасының жалпы және басты мәселелерін шешіп берді. Бұл мәселелерде Қазақстанның әлеуметтік мүмкіндіктері мен қоршаған әлемнің шындығы назарға алынды.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты, негізгі белгілері

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмау, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды дамыту және оларды қолданудың негізін қалаушы көзқарастар жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы әлемдік қоғамдастық күш-жігерінің нәтижесінде ірі ауқымды соғыстар ашу қатерін төмендетуге қол жеткізілгенін ескереді, алайда әскери қақтығыстардың толық жойылғанына кепілдік бере алмайды.

Қазіргі заманғы әсери қақтығыстардың сипаты олардың әскери-саяси мақсатымен, қолданылатын қару түрлерімен, ауқымымен айқындалады. Құжатта (доктринада) қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың негізгі белгілері көрсетілген.

Төмен қарқынды әскери қақтығыс — шекаралық қарулы оқыс оқиғалар және ел ішіндегі заңсыз қарулы құралымдар мен террористік ұйымдардың әрекеті нәтижесінде туындаған қарулы қақтығыс.

Ол әскери қақтығыс аудандарындағы әскери-саяси жағдайдың күрделілігімен және біркелкә еместігімен, коммуникациялардың, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың әлсіздігімен, тұрақты емес қарулы құрылымдардың қолданылуымен, диверсиялық және террористік іс-әрекеттермен сипатталады.

Орташа қарқынды әскери қақтығыс – күшті экономикалық және әскери әлеуеті жоқ елдер арасындағы әскери соғыс. Қақтығыс қарсы тараптың шектеулі күштер мен құралдарды пайдаланумен, дәлдігі жоғары қарулар, радиоэлектрондық күрес құралдары, басқа да заманауи қару-жарақ түрлері және әскери техниканы белсенді түрде қолданатын жауынгерлік ошақтарымен, ұрыс қимылдарының соғушысы мемлекеттердің шекарасында жүргізілуімен және олардың барлық аумағында әскрлердің, экономика және коммуникация нысандарының талқандалуымен сипатталады. Аталмыш қақтығыста тараптар шектелген әскери-саяси мақсаттарды ұстанатын болады.

Жоғары қарқынды әскери қақтығыс — әскери және экономикалық жағынан қуатты мемлекеттердің (мемлекеттер коалицияларының) қатысатысуымен болатын соғыс. Ол қарсы күресетiн тараптардың түбегейлi әскери-саяси мақсаттарымен сипатталады, оларға қол жеткiзу қатысушы мемлекеттердiң материалдық және рухани ресурстарын толық жұмылдыруды талап етедi.

Ядролық мемлекеттер араласқан қақтығыста ядролық қаруды қолдану қатерi үнемі сақталады. Оның ядролық соғысқа ұласуы, тiптi шектеулі ядролық соққылар берілсе де сансыз адам құрбандығына, экономикалық жіне мәдени орталықтардың күйреуіне, орасан зор аумақтың ластануына әкеп соғуы мүмкiн. Мұның өзі аймақтағы елдердің көпшілігін экологиялық апатқа ұрындырады.

Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әкерлер мен әскери құрылымдарды қолдану

Әскери доктринаға сәйкес, Қазақстан өзіне қарсы агрессия туындаған жағдайда қарулы қорғауды, мемлекеттiң барлық әскери және экономикалық әлеуетiн жұмылдыруды, азаматтық және аумақтық қорғаныс iс-шараларын, достас мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрлескен iс-қимылдар жүргiзудi жүзеге асырады.

Жауынгерлiк құрам, Қарулы Күштерiнiң жасақталуы және қамтамасыздандырылуы төмен және орта қарқынды әскери қақтығыстарда мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мiндетiне жауап беруі тиiс.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары агрессияға тойтарыс бepу, елдiң аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қарулы қорғау, мемлекеттiк және әскери нысандардың күзетi мен қорғанысы, әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттердi орындау үшiн қолданылады.

Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану Конституцияға , қолданыстағы заңнамаға , Қазақстан Республикасы Президентiнiң әскери қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi жарлықтарына және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары төмен қарқынды әскери қақтығыстарда, әдетте, шиеленiсу ошақтарын оқшаулау және қақтығыстарды бейбiт құралдармен реттеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында әскери iс-әрекеттердi неғұрлым ерте тоқтату, заңсыз қарулы құралымдарды жою, жағдайды, заңдылық пен құқық тәртiбiн қалпына келтiру, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, халыққа қажеттi көмек көрсету үшiн қолданылатын болады. Шекара маңындағы қақтығысты, әдетте, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң күштерi мен құралдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамаларымен және бөлiмдерiмен өзара әрекет ете отырып шешедi.

Қазақстан Республикасына қарсы орта қарқынды әскери қақтығыс экономикалық және қорғаныстық әлеуетті бұзу, аумақтарды басып алу немесе оларға бақылау орнату, мемлекеттi елеулi саяси, аумақтық, экономикалық және басқа да шегiнiстерге мәжбүрлеу мақсатында туындауы мүмкiн. Орта қарқынды әскери қақтығысқа қатысу Қазақстан Республикасының барлық аумағында немесе оның жекелеген облыстарында соғыс жағдайын енгiзудi және iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялауды, мемлекеттiң қорғаныс және әскери-экономикалық әлеуетiнiң барлығын немесе елеулi бөлiгiн пайдалануды талап етуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары орташа қарқынды әскери қақтығыстарда жауынгерлiк iс-қимыл аудандарын оқшаулау және агрессияның үзiлдi-кесiлдi жолын кесу мақсатында, iшiнде одақтас мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрлесе қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасына қарсы жоғары қарқынды әскери қақтығыс мынадай түбегейлi әскери-саяси мақсаттармен туындауы мүмкiн: елде саяси билiктiң ауысуы, мемлекеттiк және әскери басқару жүйесiне iрiткi салу, мемлекет аумағының бiршама бөлiгiн иелiктен шығару, қорғаныс әлеуетiн толық жою.
Көршi мемлекеттермен достық қарым-қатынас құру жөнiндегi салмақталған сыртқы саясат жүргiзудің арқасында тiкелей әскери агрессия қаупiнiң жоқтығына қарай алдағы орта мерзiмде Қазақстан Республикасын тартумен осындай жанжалдың туындау мүмкiндiгi төмен. 

#Қарулы #Күштерді #құрудың #заңдылық #негіздері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз