Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Арақ пен Ар)

0

Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Арақ пен Ар) казакша Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Арақ пен Ар) на казахском языке

Қайтайын деп шараптан қанып ішіп,
Тойға келді бір АДАМ алып ұшып.
«Тойда ішсең айып жоқ»- деп қояды,
Туыстармен кездессең сағынысып.

Кастьюмы бар үстінде ең əдемі,
Басында бұл тəп-тəуір АДАМ еді.
Бөтелкеге сыйғанмен адамдарға,
Сыймайтын арақ неткен жаман еді.

Басы айналып сəлден соң миы кеуіп,
Бірте бірте барады сыйы кеміп.
Əркімге бір əзілдеп ыржалаңдап,
Отыр енді МАЙМЫЛДЫҢ күйіне еніп.

Қатты сөйлеп ешкімнен намыстанбай,
Арақты емес ақылын тауысқандай.
Айналада отырған адамдарға,
Ақыруды бастады АРЫСТАНДАЙ.

Ақырған соң қашты əне дос қасынан,
Нағылам деп жуысып босқа осыған.
Жерге жатып ендігі аунағаны,
Аумағаны орыстың ШОШҚАСЫНАН.

Айуан болды басында АДАМ еді,
Қайда қалды кастьюмы ең əдемі.
Бүйрек пенен бауырдан түк қалған жоқ,
«Денсаулық үшін» ішіп не бар еді?!

Харам тойды Жаратқан жақтырмайды,
Ішкен жанның басында бақ тұрмайды.
Есте сақта адамзат, арақ деген
АРЫҢЫЗДЫ ешқашан АҚ қылмайды