Жолаушы апат боларын білгендей суретке түскен
Алдын ала деректер бойынша, жүргізуші жылдамдықты жоғарылатқан соның салдарынан тізгінге ие бола алмай қалған.
Автобус жолға аттанбас бұрын жолаушы суретке түскен, ал ол бұл суретін соңғы болуы мүмкін екеніне күдіктенбеген, деп хабарлайды КТК. Автобус жүргізуші тізгінге ие бола алмай, соның салдарынан апат болған.
Апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. 65 жолаушыға арналған автобус Мозамбиктегі Келимане қаласына бет алған. Алайда, ер адам бұл оқиғадан мүлдем қорықпаған және апат болған жерде автобус алдында қайта суретке түскен.
Алдын-ала мәліметке сәйкес, 37 адам жарақат алған, ал апаттың себебі жылдамдықты асыру салдарынан болуы мүмкін. Бұл нұсқаны жолаушылар да растаған, тіпті олар жүргізушіден бірнеше рет баяу айдауын сұраған.