Қазақстан мен Ресей «Ми» тікұшағын құрастыруға уағдаласты

0

Екі елдің министрлері Ресейде құрастырылатын әуе борттары өндірісіне Қазақстанда шығарылатын өнімді интеграциялау мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей Ми азаматтық тікұшағын Алматы қаласында құрастыруға келісті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.


©
Photo : Официальный сайт министерства индустрии и инфраструктурного развития Казахстана

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті

Ресейдегі Жуковский қаласында өтіп жатқан 14-ші «МАКС-2019» халықаралық ғарыш-авиация салоны аясында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

«Кездесу барысында қос тарап 2020 жылдан бастап, №405 Алматы авиажөндеу зауытының базасында Ми азаматтық тікұшағын құрастыруға келісті», — делінген хабарламада.

Кездесу барысында қос мемлекет ұшақ құрастыру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл қазақстандық және ресейлік кәсіпорындарға бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



sputniknews.kz