Шымкентте жарты жыл бұрын жоғалып кеткен жеткіншек полицияға өзі келді — новости Казахстана
Күні кеше Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полция бөліміне осы жылдың мамыр айында із-түзсіз жоғалып кеткен жетініші сынып оқушысы Руслан Нортұраев өзі келді. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жеткіншек полицейлерге осы аралықта қайда болғанын және үйінен не себепті кеткенін толығырақ айтып берген.
Русланның сөзінше, әкесі және өгей анасымен бірге тұрған отбасында оған қысым (оның ішінде физикалық қысымда бар) көрсетілген. Әрі қарай мұндайға төзе алмаған жасөспірім үйінен кетіп қалады. Айта кетейік, баланың әкесі ұлының жоғалып кеткенін 1,5 айдан кейін ғана хабарлаған еді.
Полиция жеткіншектің жоғалып кеткенін тіркеуге алған сәттен бастап еріктілермен бірге, оны жедел-іздестіру шарасына көшкен еді.
Қазіргі таңда Русланның әкесін жауапкершіліккке тарту жағы қарастырылып жатыр.
Ал жасөспірімнің өзі дәрігерлер мен писхологтардың бақылауында.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар