Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың LRT құрылысы дұрыс жоспарланбағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Халық үшін ыңғайлы әрі үнемді көлік жүйесін салудың орнына аса қымбат жоба ұсынылды. Ол – LRT. Білуімше, сәулетшілер мен мамандардың пікірі ескерілген жоқ. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жеңіл рельсті көлік жүйесімен бір тәулікте жүретін жолаушылардың саны 146 000 адам болады. Бұл – болжам. Алайда қазір дәл осы маршрутпен, яғни әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін тек 2 000 адам ғана жүреді. Мен сіздердің жолаушылар санын 70 есеге қалайша арттыратындарыңызды түсінбей отырмын», — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
sputniknews.kz