Ринат Зайытов, түндегі айғай-шу, құқықбұзушылықтар
Қысқа сілтеме алу
Полиция мәлімдегендей, наразылық білдірушілердің әрекетінен құқыққорғау органдары мен тұрғындар зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Алматының полиция департаменті қалада өткен санкцияланбаған митингілердің хронологиясын ұсынды.
10-11 маусымда санкцияланбаған митингілерге қатысқан адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзды. Сол себепті полиция оларды ұстады, деп хабарлады департамент баспасөз қызметі.
«10 маусымда кешкі 18.00 кезінде «Алғабас» шағын ауданындағы «Алатау» театры алдында Ринат Зайытовтың үндеуімен адамдар санкцияланбаған митингіге жиналды. Тараңыздар деген талапты құлағына ілмей, полицияға қарсылық көрсеткендерді полиция ұстады. Кейбірі «Алматы Арена» маңында жолды жауып тастады», — делінген хабарламада.
Санкцияланбаған митингіні ұйымдастырған Ринат Зайытовпен полиция әңгімелескен соң, үйіне қоя беріпті, алайда полиция департаменті ғимаратының алдына жиналған оның жақтастары ақынды босатуды талап етеді.
Тағы оқыңыз: Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апардық — Қожаев
Біраз уақыттан соң Зайытов оралып, жиналғандардан үйлеріне қайтып, заңсыз іс-шараларға қатыспауды және арандатуға жол бермеуді сұраған.
©
Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыдағы митингілер
«Жиналғандар топ-топ болып тарап кетті. Бірақ олардың бір тобы жеке көліктерімен Төле би және Абай даңғылдарындағы қозғалысқа кедергі жасады. Үш-төрт көлік қатар жүріп, жылдамдықты ақырындатып, сигналдатып, іштегілер терезеден бастарын шығарған. Сөйтіп, қозғалысты тоқтатып тастады», — деп полиция мәлімет берді.
Сонымен бірге жол бойына адамдар шығып, қозғалысты, қиылысты бөгеп, апаттық жағдай туғызды.
Жол полициясы қызметкерін қағып кетті
Департамент мәліметінше, түнгі он екі жарымда «Сайран» автовокзалына қарама-қарсы, Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында митингіге қатысқан жүргізуші жол реттеп тұрған полицейді қағып кетті.
Дәрігерлер айтқандай, тәртіп сақшысының оң жақ жіліншік сүйегі сынып, жылжып кеткен.
Тағы оқыңыз: Митингіге шыққандарға кім нұсқау беріп отырды?
«Жүргізуші қылмыс орнынан қашып кетіп, кейін Қазақстанның Қылмыстық кодексі 345-бабында қарастырылған қылмыс белгілерімен ұсталды».
Полицейдің көлігін таспен атқан
Алматының Алатау ауданында кешкісін бір топ мас адам полицияның қызметтік көлігіне зақым жасады. Олар көлікті таспен атқылап, терезесін сындырған.
«Тәртіп бұзғандар ұсталды. Бұл факті «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестріне тіркелді», — делінген бағдарламада.
Тұрғындардың зәресін алды
Кешке және түнде полицияға тұрғындардан 1 250 арыз түскен.
«Олардың 70%-ті түнгі оқиғаларға қатысты. Түнгі айғай-шу халықтың зәресін алды. Жүргізушілер жол ережесінің бұзылғанын айтып, шағымданған», — деп полиция департаменті атап өтті.
Тағы оқыңыз: Қазақстан қалаларындағы митингілер — видео
Департамент берген мәліметке сүйенсек, полиция органдары заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін тиісті шаралар атқарды. Құқықбұзушылар ұсталды.
Жергілікті полиция қазір Алматыдағы ахуалды бақылауда ұстап отыр.
sputniknews.kz