Жаңалықтар

"Еркектік мысы басым": Асанәлі Әшімовтің әйеліне айтқан соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Еркектік мысы басым": Асанәлі Әшімовтің әйеліне айтқан соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Әлеуметтік желіде қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімовтің соңғы фотосессиясы кезінде жарына арнаған жүрек тебірентерлік сөзі кеңінен тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бейнежазбада аңыз актер жас жары Бағдат Әшімоваға өзіне сенуге болатынын білдіріп, ерекше ілтипат танытады.

"Басыңды қой иығыма", – дейді ол жұбайына.

Жазба авторы бұл сәтті шынайы махаббаттың айқын көрінісі ретінде бағалап, ерлі-зайыптылардың арасындағы терең байланысты ерекше атап өткен.

"Олардың махаббаты да Асанәлідей терең, Бағдаттай нәзік еді. Үнсіз түсінетін, үнсіз сүйетін сезім", – деп жазды ол.

Бейнежазба желі қолданушыларының да ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік актердің адами болмысына, жарына деген құрметі мен мейіріміне тәнті екенін жасырмады.

"Еркектік мысы басым екен", "Неткен керемет жандар", "Әйелге деген құрметі өте жоғары" деген пікірлер жиі жазылды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz