Қостанай облысында ғибадатхана өртенді – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комиеті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қостанай облысының Лисаков қаласында екі қабатты ғибадатханадан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

ДЧС Костанайской области

«Дон-Мар» ЖШС, Бос уақытты өткізу орталығы (Дұға жасау үйі) ғимаратындағы өрт сөндірілді

«Сағат 13:57-де «101» пультіне екі қабатты «Дұға жасау үйі» өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру көлігі сағат 14:00-де келгенде ғимараттың шатыры жанып жатқан, 14:46-да тілсіз жау оқшауланды», — деп хабарлады ведомство.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт екі сағаттан кейін сөндірілген. Жалын 200 шаршы метр аумаққа шарпыды.

ДЧС Костанайской области

«Дон-Мар» ЖШС, Бос уақытты өткізу орталығы (Дұға жасау үйі) ғимаратындағы өрт сөндірілді

Өртті сөндіруге Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен үш техникасы, «Өркен» ерікті өртке қарсы құрамасының бес қызметкері мен бір техникасы  жұмылдырылды.

ДЧС Костанайской области

«Дон-Мар» ЖШС, Бос уақытты өткізу орталығы (Дұға жасау үйі) ғимаратындағы өрт сөндірілді



sputniknews.kz