Тез арықтаудың жолы |

0

Әйелдердің өз денсаулығына зиян келтірмей арықтаудың әдісін білгені жөн. Ол үшін жасқа, орындайтын жұмысына байланысты жұмсалатын калорияның мөлшеріне көңіл аударады. Жұмыс дегенде отын шабу, егін ору, шөп жинау сияқты дене жұмысы емес-оған оқу, жазу, үйдің ішін жинау, кір жуу, тамақ жасау т.б. жатады. 

Егер сіз өз денсаулығыңызға зиян келтірмей арықтағыңыз келсе майлы, тәтті тағамнан, ұннан жасалған тамақтан аулақ болыңыз. Ал қарын қатты ашпау үшін көп жеміс-жидек, көкөніс, қайнаған не бұқтырған ет, майынан айрылған сүт ішуге болады. 

Көп қозғалып, гимнастика, дене шынықтырумен айналысыңыз, көп жаяу жүру керек. Әсіресе, қатты жүрген пайдалы. Ал демалыс күндері тауға шығып, бассейнге барыңыз. 

Өзіңізге мәзір құрып қойыңыз! Тамақты әрбір 2-3 сағат сайын аз-аздан жеу ережесін сақтаныңыз. 

Су көп ішуді ұмытпаңыз! 

Тамақтанған соң дереу жата қалмаңыз. Оның орнына үй жұмыстарын жасап немесе серуендеп қайтқаныңыз дұрыс. 

Ал тамақты ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз жөн. Бұл толысудың алдын алады, одан бұрын денсаулығыңыз үшін де айтарлықтай рөлге ие. 

Әрине, жоғарыда көрсетілген кеңстер бір-екі аптада нәтижесін бермесі анық. Бірақ, қағиданы ұстанып, қатаң тәртіп сақтанып, қанағат ете білсеңіз, міндетті түрде бір айдың ішінде артық салмақтан арылғаныңыздың куәсі боласыз!

Дереккөз: Reactor

reactor.inform.kz