Қарсыласымды нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиске қарсы жекпе-жегі жайлы пікірін  айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл мен үшін жаңа дүние болды – инсайдта жұмыс істеп, алға көбірек ұмтылдым. Мен бапкерлік штабымды өзгерттім, КОри Спинкс бір ай бойы менімен жұмыс істеді. Менде оны жетінші раундта нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды. Оған қысым жасадым. Маған оның соққыларын ұстап, көбірек қарымта шабуыл жасап, инсайдтағы қорғаныспен жұмыс істеу керек еді», — деді Данияр.

Еске сала кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке Данияр қарсыласын төрешілер шешімімен ұтқан болатын. Кейін Желіде жекпе-жектің видеосы жарияланды.

 



Дереккөз: prosports.kz/kz