Желдеткіш қондырғыларының жіктелуі | Скачать Курстық жұмыс

0


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Өндірістік желдету

Тақырыбы: Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехы желдету жүйелеріy есептеу

Орындаған

Алматы-2018
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 ———————————— ———————————— ———-
ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1 Желдеткіш қондырғылары және олардың жіктелуі

———————————— ———————————— ———-
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ

2.2.1 Кәсіпорынның қысқаша мінездемесі

2.2Конвертерлердің жеке газ соруының жұмысы

2.3 Қауіпті өндірістік факторлар анализі

2.4 Микроклиматпен қамтамасыз ету

3 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 Цехтағы жылу бөлінуді есептеу

3.2 Цехтағы ылғал бөлінуді есептеу

3.3 Цехтағы газдар мен зиянды заттардың бөлінуін есептеу

3.4 Цехтағы ауа алмасуды есептеу

3.5 Цехтың желдету жүйесінің аэродинамикалық есебі

3.6Ауа өткізгіштердің схемасын таңдау және диаметрлер есебі

3.7 Жергілікті тартпа-қалқанды зонтты есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

1931 жылы сәуір айында Цветметзолото басқармасы Балқаш көлі аумағында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы Балқашта ең бірінші отандық қара мыс өндіріліп, сол жылы анодты мыс құйылды. Ай сайын БМЗ 19-20 мың тонна қара мыс балқытады. 1938 жылдың 10-ақпанында шыққан №50 бұйрықта жаңа зауыт құрылысына тездетіп кірісу туралы тапсырма берілді. Онда Жезқазған комбинатының жаңа шахталары, байыту фабрикалары, жаңа қалашық пен мыс балқыту зауытын жобалау және салу мәселелері қамтылды. Комбинат, ең алғашқы 5 шахта мен карьерлер 1943 жылы-ақ жұмысқа кірісіп кетті. Ал, құрылыс 1958 жылы толықтай аяқталды. Ал қазіргі таңда өндірісте өнімді тек өндіріп қана қоймай, онымен қоса санитарлық — эпидемиялық талаптарды, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын толықтай орындалуы қажет. Сол себепті де микроклимат параметрлерін оңтайландыру үшін күшті өнеркәсіптік желдету жүйесін қолдану керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өнеркәсіп объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып желдету жүйесін бағалау.
Курстық жұмыстың міндеті:
* Өнеркәсіп объектісімен толықтай танысу;
* Өнеркәсіп объектісіндегі микроклимат параметрлерін бұзатын факторларды анықтап, сандық мәнге келтіу;
* Сандық мәліметтерге сүйене отырып желдету жүйесін тексеру.
Курстық жұмыстың өзектілігі
Қазақмыс Қазақстан Республикасы бойынша ең үлкен мыс байыту өнеркәсібі болып табылады. Оның бірнеше филиалдары, зауыттары, цехтары жұмыс істейді. Сонымен қатар мыс өндіріп өңдеу кезінде түрлі зиянды шығарындылар қоршаған ортаға бөледі. Сол себепті осы объектінің желдету жүйесін бағалау маңызды болып табылады.

2 ӘДЕБИ ШОЛУ

2.1 Желдеткіш қондырғылары және олардың жіктелуі

Желдеткіштер ең үлкен шамасы 15000 Па аспайтын салыстырмалы үлкен емес қысыммен өнеркәсіптік кәсіпорындарда әртүрлі газдардың үлкен мөлшерін айдау үшін пайдаланатын үлкен машиналар тобы болып саналады.
Желдеткіштер жасайтын қысымы бойынша төмен қысымды (қысымы Р = 1000Па дейін), орташа қысымды (қысымы Р = 1000 — 3000Па) және жоғары қысымды (қысымы Р = 3000 — 15000Па) болып бөлінеді. Сору шарты бойынша желдеткіштер бір жақты және екі жақты соратын, ал ауаны қысымдау құбырына айдау шарты бойынша — диффузорлы және диффузорсыз болып бөлінеді. Кейбір желдеткіштерде, әсіресе жұмыстық доңғалаққа кірер алдында үлкен өнімділік жасайтындарда, желдеткіштің қысымы мен өнімділігін реттеуге арналған бұрылмалы қалақтары бар бағыттаушы аппаратты орнату қарастырылған.
Желдеткіштер жетекпен қатаң муфта, гидро муфта арқылы және ременді беріліс арқылы қосылған. Гидро муфта арқылы қосылған жетек желдеткіштің жұмсақ (бірқалыпты) іске қосылуын, сол сияқты сатылаусыз қосылуын, айналу жиілігінің өзгеруін, өнімділікті және қысымды реттеуді қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіпте желдеткіштердің қолдану аймағы өте кең, атап айтсақ санитарлық техникалық салада — өнеркәсіп ғимараттарын желдету үшін; ауаны қыздыратын қондырғылармен (калориферлермен) бірлесіп ауалық жылыту жүйесіндегі ғимараттарды жылыту үшін; ауаны кондиционерлеу үшін; технологиялық салада — технологиялық қажеттіліктерге үлкен мөлшерде ауаны жылжыту үшін, реакторларға ауа беру үшін, аппараттарда ауасыздықты жасау үшін, түтіндік газдарды сору үшін, электр жетектерін суытуға ауа беру үшін, жарылыс қауіптілігі бар цехтарда электр қозғалтқыштардың роторы мен статоры арасында артық қысым жасау үшін өте жиі қолданылады. Желдеткіштер қолдану жағдайларына сәйкес жай (қарапайым) және жарылыс қауіпсіздігімен орындалады.

1.2 Желдеткіш қондырғыларының жіктелуі

Желдеткіш қондырғылары бірқатар белгілері бойынша былай жіктеледі.
1. Арналуы бойынша — бас желдеткіштер бұлар шахтаны желдетуге арналған барлық ауа мөлшерін беруді қамтамасыз етеді; қосалқы желдеткіштер — бұлар айдама — сормалы желдету тәсілі кезінде тау-кен қазбаларының бір бөлігін немесе барлығын желдету үшін бас желдеткішпен тізбектесіп жұмыс істейді; учаскелік, секциялық, блоктық желдеткіштер — бұлар жеке қанаттарды немесе учаскелерді өз бетінше оқшауланып желдету үшін қызмет атқарады; жергілікті немесе жартылай желдету желдеткіштері — бұлар берілген қазбаны желдету үшін жалпы ағымнан ауаның бір бөлігін алып жұмыс істейді;
2. Орналасу бойынша — жер бетінде және жер астында орналасқан желдеткіштер. Бас желдеткіш қондырғылары әрқашан жер бетінде орналасады, ал жергілікті желдету қондырғылары — жер астында орнатылады;
3. Желдету тәсәлі бойынша — сорумен және айдаумен жұмыс істейтін желдеткіштері бар қондырғылар. Сорма желдеткіштері забойлардан және тау-кен қазбаларынан зиянды қоспалары, газдары және шаңы бар ауаны сорып қазбаларда олардың мөлшерін сұйытып отырады.
Газ және шаң қауіптілігі бар шахталарда сорма желдеткіштері қолданылуы керек. Айдама режимінде жұмыс істейтін желдеткіштері бар бас желдету қондырғылары тау- кен қазбаларында атмосфералық қысымнан артық қысым жасайды.
Айдама желдету тәсілі газ қауіптілігі жоқ шахталарда ғана рұқсат етіледі. Жіктелуі. Осьтік желдеткіштер жұмысшы сатылар саны (жұмысшы доңғалақтар саны) бойынша бір сатылы жəне көп сатылы болып жіктеледі. Біріншілері жергілікті желдету үшін, ал екіншілері басты желдету үшін пайдаланылады.
Өнімділігі бір сатылы 79 желдеткішпен бірдей көп сатылы желдеткіштердің жасайтын қысымы үлкен болады. Қазіргі уақыттағы бас желдетудің осьтік желдеткіштерінің сатылар саны екіге тең етіп қабылданады

Желдету қондырғысы шахта атмосферасын 20% кем емес оттегімен, 80% кем емес ылғалдылықпен, ауаның забойдағы қозғалу жылдамдығы 4мс аспауын және ауаның шаңдылығы 10мгм3 аспауын қамтамасыз етуі қажет.
Желдеткіш қондырғылардың жіктелуі:
Желдету қондырғылары тағайындалуы бойынша бөлінеді:
oo басты желдету — шахтаның немесе кеніштің барлық өндірулерін желдетуге арналған,
oo жергілікті желдету — тұйық забойларды желдетуге арналған,
oo көмекші желдету — шахталардың құрылысы кезінде уақытша қолданылады.
орналасуы бойынша — жер бетінде және жерасты. Басты желдеткіш қондырғылар әрқашан жер бетінде орналасады.
Желдету тәсілдері бойынша басты желдету қондырғылары 1) сору бойынша; 2) айдау бойынша; 3) құрамдастырылған сұлбалар бойынша жұмыс істейтін болып бөлінеді.
Сору (РК = РА РН, мұндағы РК — соңғы қысым; РА — атмосфералық қысым, РН — бастапқы қысым;) бойынша желдету — жұмыс істеп тұрған желдеткіштің кіреберіс аузында ауа сиретіліп, соның арқасында ауа атмосфералық қысым арқылы шахта оқпанына кіреді, өндірулер арқылы өтіп желдеткішпен сыртқы атмосфераға шығарылады.
Сорғыш желдеткіштер, забойдан және тау-кен өндірулерінен зиянды қоспалары, шаң және газдары бар ауаны сорып, тау-кен өндірулерінде ауаны сиретеді. Газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарда сорғыш желдету қолдану қажет.
Айдау бойынша (РК РА = РН) жұмыс істейтін желдеткіштер тау-кен өндірулерінде атмосфералық қысымнан артық қысым өндіреді. Айдау бойынша желдету тек газсыз шахталарда және бірінші категориялы газды терең емес шахталарда қолданылады.
Басты желдету желдеткіш қондырғысының құрамына: электрқозғалқышы және басқару, автоматтандыру және бақылау аппаратураларынан тұратын екі желдеткіш агрегаты; ауа ағынын қосуға және кері қайтаруға арналған қосымша жабдық; әр желдеткіштің тура және кері жұмысын қамтамасыз ететін желдету каналдарының жүйесі; дыбысты ақырындатқыш кіреді.
Қосымша жабдықтың құрамына: желдеткіш каналдарды жабатын лядтар; лядтарды ашатын және жабатын механизмдер; лядтарды нығыздайтын құрылғылар; каналдарға жол ашатын люктар кіреді.
Желдеткіш қондырғысының құрастыру желдеткіш түрімен және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, яғни осьтік немесе ортадантепкіш, бір немесе екіжақты сорумен, кері қайтымды немесе жоқ анықталады.
Желдеткіш қондырғысының құрастырылуы желдеткіш түрімен және оның құрылымдық ерекшеліктерімен: яғни осьтік немесе ортадантепкіш, бір немесе екіжақты сорумен, кері қайтымды немесе жоқ анықталады.
Басты осьтік желдеткіштер терең емес, ортақ шахталық депрессиясы 4000Па аспайтын шахталар мен кеніштерді желдетуге арналған.
Осьтік желдеткіш (сурет 5.1) қалақшалары 2 бар төлке түріндегі жұмыс дөңгелегінен 1, біліктен 3, коллекторлы 5 корпустан 4, алдыңғы ағымпаздан (коктан) 6, түзетүші аппараттан 7, шеңбер диффузордан 8 және мойынтіректерден тұрады.

Сурет.1 — Осьтік желдеткіштің принципиалды сұлбасы

Диффузор бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі ернеушеден (обечайкадан), сыртқысы конусты (диффузордан) және ішкісі (желдеткіштердің көбінде цилиндрлі формалы) — артқы ағымпаздан (обтекатель) тұрады.
Қысымды арттыру үшін осьтік желдеткішті әдетте екісатылы екі бір-бірімен тізбектей жалғасқан жұмыс дөңгелектерімен, олардың арасында аралық бағыттаушы аппараттармен және соңғы жұмыс дөңгелегінен кейін түзетуші аппаратымен жасайды. Кейде бірінші жұмыс дөңгелегінің алдына кіретін бағыттаушы аппаратты орналастырады.
Жұмыс дөңгелектері өздері орналасқан білікпен бірге желдеткіш роторын құрайды, ол электрқозғалтқыштың көмегімен айналады.
Коллектор мен ағымпаз дөңгелек қалақшаларына ауаның дұрыс келуін қамтамасыз етуге арналған, ауа ағыны желдеткіш осі бойымен бірқалыпты жылдамдықтар өрісін жасап бағытталады.
Радиалды қалақшалы қозғалмайтын дөңгелектен түріндегі бағыттаушы және түзетуші аппараттар ауа ағынын айналдыруға арналған және сонымен желдеткіш п.ә.к. арттырады.
Шахталар мен кеніштерде ВОД, ВОК, ВОКД, ВОКР осьтік желдеткіштері және кейбір жағдайларда ескірген В-УП, В-УПД (В — желдеткіш; О — осьтік; К — бұратылған қалақшалы, Д — көпсатылы, Р — реверсивті, П — пневможетекті, УП — күшейтілген мойынтіректі және ұзартылған диффузормен) желдеткіштер пайдаланылады. Қазіргі кезде желдеткіштердің бір сериясы ғана шығарылады, ол ВОД (ВОД-11, ВОД-16, ВОД-21, ВОД-30, ВОД-40, ВОД-50). Желдеткіштің маркасындағы сан — қалақшаларының шетімен өлшенетін жұмыс дөңгелегінің диаметрі дециметрмен.
ВОД-11 басқа ВОД сериялы желдеткіштер кері қайтымды болып жасалған. ВОД желдеткіштері екісатылы. Дыбысты кемітуге арналған кіретін бағыттаушы аппараттары жоқ және екі шартты сұлбалар РК+РК (ВОД-11 және ВОД-16, және де ВОД-16 желдеткішінің басқа желдеткіштерден айырмашылығы оның жұмыс дөңгелектері бір-біріне қарама-қарсы айналады) және РК+НА+РК+СА (қалған ВОД желдеткіштері), (мұндағы РК — жұмыс дөңгелегі, НА — бағыттаушы аппарат, СА — түзетуші аппарат) бойынша жинақталған.
Ортадантепкіш желдеткіштері кері қайтымды емес. Сондықтан ортадантепкіш желдеткіштері бар желдету қондырғылары желдеткіштің кері қайтымды жұмысы кезінде шахтаға ауаны сығып енгізуге арналған қоршау каналдарымен жабдықталған. Бұл қондырғыларды құрастыру үшін екі желдеткішке ортақ бір диффузор қарастырылған, ол қандай да бір биіктікте тарылатын құрылымға (конфузорға) ауысады.
Басты желдетудің ортадантепкіш желдеткіштерінің құрылымдық ерекшеліктері оның сору жақтарының санымен және жұмыс дөңгелегінің мойынтіректі тіректеріне қатысты орналасуымен (орналасуы консольді — кіші типтікөлшемді біржақты сору желдеткіштерінде және орталық — үлкен типтікөлшемді бір- және екіжақты сору желдеткіштерінде болуы мүмкін) белгіленген.
Ортантепкіш желдеткіш (сурет 5.2) білікте 3 бекітілген қалақшалы 2 жұмыс дөңгелегінен 1, жеткізуші құрылғыдан (подводящего устройства) 4, спиральды улитка тәрізді бұрып жіберуші құрылғыдан (отводящего устройства) 5 және диффузордан 6 тұрады.
Жұмыс дөңгелегіне ауа ағыны осьтік бағытпен келеді, ал дөңгелек жанында радиалды бағыт алады. Жұмыс дөңгелегі айналғанда ауа ағынында әрбір қалақшаның екі жағында қысымдар әртүрлі болады. Қалақшалардың қысымынан пайда болған ауа ағынына түсетін күш оның қысымы мен жылдамдығын арттырып ауаның мәжбүрлі айналмалы және ілгерілмелі қозғалысын жасайды. Диффузорда 6 ағымдағы ағынның кинематикалық энергиясы потенциалдық энергияға айналады.
Ортадантепкіш желдеткіш осьтік желдеткішпен салыстырғанда едәуір көп қысымды дамытады, бұл әсіресе терең шахталар үшін маңызды. Басты желдету қондырғылары үшін ВЦД-16, ВЦ-25, ВЦ-32, ВЦД-32М, ВЦД-47 (сандар — қалақшаларының шетімен өлшенетін жұмыс дөңгелегінің диаметрі дециметрмен) желдеткіштері қолданылады.

Сурет 2 — Ортадантепкіш желдеткіштің принципиалды сұлбасы.

Осьтік желдеткіштер: Құндылықтары: -ауа ағымын өте қарапайым кері қайтарады (без отводящих каналов), -реттеуге үлкен мүмкіншіліктер (дөңгелек қалақшаларын және бағыттаушы аппараттарды орнату бұрышын өзгерту арқылы), — Q үлкен болса да, габариті (ортадантепкіш желдеткіштермен салыстырғанда) және массасы аз, -ПӘК үлкен (0,76 — 0,77) , -тізбектей жалғауға ыңғайлы.
Кемшіліктері: -сипаттамалары егізбасты формасы (тұрақсыз жұмыс зонасы үлкен), -қатты шу, -трансмиссионы жетекші білігінің ұзындығы үлкен, -мойынтірек түйіндерін қарауға мүмкіндік жоқ, бұл қондырғының сенімділігін кемітеді, -дайындау дәлдігіне жоғарғы талаптар.
Ортадантепкіш желдеткіштер: Құндылықтары: -осьтік желдеткіштердің кемшіліктері жоқ, -үлкен арындар.
Кемшіліктері: -көлденең қимасының габариті үлкен; -тиімді реттеудің кемдігі; -үлкен қысымда аз беру (шығын).
3 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

2.2 Кәсіпорынның қысқаша мінездемесі

Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехы құрамына кіреді. Бөлімде мысты штейндерді көлденең конвертерлерде конвертрлеу сызбасы таңдалып алынған. Бұл шикізатты пайдалану кешенділігі ұсыныстарымен, шығарылған өнім сапасымен, үздіксіз технологиялық үрдіспен қамтамасыз етумен негізделеді. Жобаланушы бөлім аудан қорларының ойынша тұрмыста орналасқан комбинат құрамына енуіне байланысты, қара мыс бойынша 80 тонна сыйымдылығы бар қалыпты көлденең конвертер таңдалып алынған.
Жұмыскерлердің жалпы саны және кәсіптік — квалификациялы құралы.
Жұмыскерлердің сұраныстары мен біліктілігін ЖОО, техникумдар және лицейлер қамтамасыз етеді.
Инженерлі — техникалық жұмыскерлер, қызметшілер және кіші қызмет көрсетуші персоналдар саны адам анықталды.
Норма бойынша қызмет көрсетуші ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер саны алты адам. Бөлімде жұмыс істейтін жұмыскерлердің жалпы саны — 65 адам. Олар негізінде 5 — 6 санатты тәжірибелі жұмыскерлер.
Бас жоспар бойынша негізгі шешімдер
Металлургиялық цехтың мысты штейндерін конвертірлеуші жобаланған бөлімі БМҚЗ құрамына енеді.
Құрылыс орны тағайындауда шикізаттың мөлшеріне, энерго және су ресурстары, көлік, еңбек ресурстары, көмекші кәсіпорындар және т.б. назар аударылған.
Цех және бөлім мен өндіру алаңдары орталықта орналасқан Цехтың алаңда орналасуы Гипротүстіметпен қарастырылған. Цех ғимараты әрқайсысы он екі метрден, ұзындығы 288 метрден тұратын төрт бөліктен тұрады, колонналар аралығы 12 метр.
Цех басқа ғимараттармен бірге орналасқан.
Жобада алаңды көлік және адамдар жүретін аяқжолмен жабдықтау қарастырылған.
Цехтардың жұмыс тәртібі
Мысты штейндерді конвертірлеу үрдісі үздіксіз екенін еске ала отырып, үздіксіз жұмыс тәртібін белгілейміз. Цехта 5 бригада жұмыс жасайды, оның екеуі үнемі демалыста болып отырады.
Негізгі технологиялық үрдістің суреттемесі
Тығыздау үрдісі дегеніміз, балқытылған штейн арқылы қысыммен ауаның үрленуі. Бұл кезде металдар сульфидтері жалпы реакция бойынша тотығады: МеS + 112 O2 = MeO + SO2 + Q
Металдар сульфидтерінен алғашқы болып темір сульфиді және мырыш сульфиді, сонан соң қорғасын сульфиді тотығады. Сульфидтердің тотығу барлық әсерлері экзометрикалы:
ҒеS + 112 O2 = FeO + SO2 + 117710 кал
ZnS + 112 O2 = ZnO + SO2 + 110060 кал
PbS + 112 O2 = PbO + SO2 + 101400 кал
Пайда болушы темір кремний қышқылымен қождалады, соңғысы конвертерге мына реакция бойынша кварц түрінде қосылады:
2ҒеО + SiO2 = 2FeO + SiO2.
Үрлену кезінде мыс қышқылданса, мыс ҒеО қатысынан төменгі реакция бойынша қайта сульфидтенеді:
Сu + FeS = Cu2S + FeO.
Қорғасын мен мырыш қышқылдары конвертірленген кезде жартылай ұшып кетеді, бір бөлігі кремний қышқылымен байланысады да конвертірлі қожда қалады.
Кремний қышқылы жеткіліксіз болған кезде темір тотыққанша қышқылданады, ол өз кезегінде МеО + Ғе2О3 металдары ферриттерінен құралатын қож негіздерін жасайды. Темір, мырыш және қорғасын сульфидтерін қышқылдау кезіндегі үрдіс конвертірлеудің алғашқы кезеңі болып табылады.
Конвертірлеудің алғашқы кезеңіндегі өнімі болып Сu2S ақ штейні немесе фонштейн болып табылады.
Темір, мырыш және қорғасын сульфидтерін қышқылдаған соң мыс сульфидін оттегімен реакциясы басталады.
Сu2S + 112 O2 = Cu2O + SO2 + 92760 кал.
Алынған мыс тотығы теңдік бойынша қалған жартылай мыспен араласады: Сu2S + 2Cu2O = 6Cu + SO2.
Соңғы реакцияның 1051,5 оС-тағы SО2 қаттылығы 6,46 атмосфераны құрайды. Конвертерден үздіксіз SО2 алып тастап отырған кезде Сu2S және Сu2О арасындағы өзара әсер жағымды.

2.2Конвертерлердің жеке газ соруының жұмысы

Конвертерден жеке газ сору комплексі мыс қорыту цехында атмесфераның газдануын төмендету үшін сонымен қатар күкірт қышқыл өндірісінің SO₂ бойынша кондициялық газбен қамтамасыз етілуі келесі негізгі агрегат байланысынан құралады: ауа жүргізілетін салқындатқаш тежеуішпен және жіберу жүйесі, су ағызғышы, қатар бойынша қосылған төрт циклонды су салқындатқыш шаңдатқышы: екі ВГД-20 сүзгіш аппараттарымен, шығыс газ өткізгіштер және күшті газдар газ өткізгіші.
Барлық комплекс шаң камерасында тарауды автомат түрде реттеу жүйесімен және түтін сорғыштың температурасын КИП құралдарымен жабдықталған.
Аса жауапкершілік байланыстар: су салқындататын шаңдатқыш және ВГД-20 түтін сорғыштар.
Шаң камерасында қуатсыздандырылу автоматты түрде реттеу жүйесінің берілген режимінде ұсталады. Конвертерге үрлеу көлемі өзгергенде автоматты түрде (шаң камерасында қуатсыздандырудың мөлшерінен) ВГД-20 түтін сорғыштардың өсьтік көрсеткіш аппараттың жағдайы өзгереді, ол шаң камерасында берілген қуатсыздықты қолдау үшін.

2.3 Қауіпті өндірістік факторлар анализі

Конвертірлеу цехы ыстық цехтар сатысына жатады. Ыстық операциялар жиі жүргізілетіндіктен цехта микроклимат тұрақсыз жиі өзгеретін параметрлермен, әр түрлі ауа температурасы бар зоналар құралады.
Ауа температурасының тез арада өзгеруі организімнің жылу реттігіне жаман әсер етеді. Цехта әрқашанда потенциалды жарылыс қаупы бар. Жарылыс ерітілген металл және шлак суға тигенде болуы мүмкін. Цехтағы барлық агрегат электр сымдармен жұмыс істейді, сондықтан электр тоғына түсу қаупы бар.
Цехта өндіріс ерекшелігі болып, құрамында мырыш, қорғасын бар шикі затты қайта өндіру болып табылады. Конвертерлеуде қорғасын және мырыш аэрозольдері құралады, сұрғылт ангидрит бөліне бастайды. Бөлінудің негізгі бастамасы болып мыналар саналады: транспортердегі көтеріліп — түсу орындары, пештер және қойғыштардағы ерітіндінің шығарылуы, конвертерлеу операциясы, қабыршықты бұзу байланысы, қара мысты құю.
Жұмыс аумағында зиянды зыттар концентрациясы, берілген концентрация нормасынан аспауы керек, ГОСТ 12.1.005-76 ССБТ бекітілген.

1 кесте — Жұмыс аумағында ауадағы зиянды заттар концентрациясы

Заттар
ПДК,
мгм[3]
Қауіптілік класы
Агрегаттық жағдай
Қорғасын
0,01
1
а
Мыс
1
2
а
Мырыш тотығы
6
3
а
Күкірт қышқылы
1
2
а

Мұндағы, а — аэрозольдер.

Күкірт ангидриді — өткір иісті, көздің шырышты қабығына және жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. SO₂ ауада болғанда жөтел, тұншығу және жалпы әлсміздік туғызады. SO₂ концентрациясы бар ауамен тыныс алу гастрит, бронхит, лорингит сияқты ауыруларға шалдықтырады. Қорғасын — уы, нерв жүйесінде, қанда және сосудта өзгерушілік болады. Өндірістік талаптарда қорғасын аэрозольдерімен улану созылмалы ауыру түрі ретенде көрсетіледі.
Мырыш — химиялы таза, тәжірибелі зиянсыз, бірақ мырыш қышқыл аэрозолі айнытушы түрлеріне ие. Мыс — организмге бу және шаң түрінде түседі. Бу, шаңмен дем алу жоғарғы тыныс алу жолдарын инфекциялық қатар сырқауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Шаң шикі затты үгітуде, тиегенде, қайта төккенде пайда болады. Әртүрлі өндірістік шаңдармен ұзақ уақыт тыныс алу силикоз, қорғасыннан улану сияқты қызметтік сырқау тудыруы мүмкін.

2.4 Микроклиматпен қамтамасыз ету

Ыстық цехтардағы жұмыскерлердің дұрыс еңбек талаптарымен қамтамасыз ету үшін онда белгілі бір микроклимат — температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы СНиП 11-33-75 ұстап тұру керек.
Жылдың суық мезгілінде ауаның температурасы 13 — 22 Сº және жылы кезде 17 — 25 Сº, ауаның ылғалдығы суық және ауыспалы кезде 80% көп емес, жылы кездерде 22 — 28 Сº , суық және жылы кездердк ауа ылғалдылығының өзгеруі 0,3 мс — тен көп болмайды. Негізгі параметрді ауа алмастыру қамтамасыс етеді — үрлеу және ішке сорып желдету, ауаны тән қорғау. Жылдың суық мезгілінде қақпа арасында ауа перделері қолданылады. Өндірістік бөлмеде жұмыс істеу ауласы шаңмен ластанғанын ескерту үшін, қайта қортуға әкелген металды реті келгенше ылғалдап тұру керек, жабдықты дұрыс қолдану керек, уақытымен және дұрыстап жұмыс орнын тазалау керек. СНиП 245 — 71 цехтың санитарлы қызметін қарастырады. Цехта су ішетін шаптырмалар, алғашқы медициналық көмек көрсететін қорапша бар. Проект бойынша цехтан 100 м қашықтықта санитакомплексі қарастырылған. Жұмыскерлер үшін бір мезгілді профилактикалық тамақтану ұйымдастырылған. Жиі және жоспарлана жұмыскерлер жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтеді және профилактикалық шешім өткізіледі.

3 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехындағы жылу бөлінуді есептеу

Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехындағы негізгі параметрлер: ауа алмасымын, жылу мөлшерін(қондырғылардан бөлінетін жылу мөлшерін, адамнан бөлінетін жылу мөлшерін, электрпештерінен бөлінетін жылу мөлшерін, жарық жүйесінен бөлінетін жылу мөлшерін), өндіріс орнындағы ылғал бөліну мөлшерін (адамнан, түрлі беттерден бөлінуін) ,ауа алмасымды есептейміз.
Жылу бөліну-адам жұмыс атқарғанда, пештерді қосқанда немесе пештердің сууы кезіндегі жылудың бөлінуі .
Өндірістік цехтарда жылу бірнеше көздерден бөлінеді:
* адамнан;
* жылу қондырғыларынан;
* жарық шамдарынан;

Адамнан бөлінетін жылуды есептеу

Мысты штейндерді конвертірлеу бөлімшесі БМҚЗ металлургиялық цехындағыадамдардан бөлінетін жылуды анықтау үшін ондағы жұмысшылар саны, кесте бойынша адамнан бөлінетін жылуды анықтап аламыз. Жұмыс істеу кезінде адамнан бөлінетін жылуды есептеуді төмендегі формуланы қолданып шығардым. Ауыр жұмыс жағдайында бір адамнан бөлінетін жылу мөлшері 250 С бөлме температурасындағы мәні 1-кестеге сәйкес алынды.

Qад.=n*q*kад. (1)

Мұндағы, n-адам саны; qя-бір ересек адамнан жылу бөліну (еркек адам) Вт, ішкі ауаның мөлшеріне және атқарған жұмысына байланысты өлшенеді. kад= 1 — еркектер үшін, kад=0,85 — әйелдер үшін, kад= 0,75 — балалар үшін. Цехта жұмыс істейтін жалпы адам саны — 65

Кесте 2 — Бір адамнан бөлінетін q(ккалсағ) жылу мөлшері

Адам жағдайы
Бір адамнан бөлінентін q(ккалсағ) жылу мөлшері, адам темперетурасы t0 С бөлме темперетурасына байланысты

Ауа температурасы, t0 С

15
20
25
30
35
Тыныштық күй Жеңіл
145
157
116
151
93
145
93
145
93
145
кестенің жалғасы
Орташа
208
203
197
197
197
Ауыр
290
290
290
290
290

Qер ад.=n*q*kад.=20*290*1= 18850 ккалсағ

Жарықтандыру қондырғыларынын бөлінетін жылуды есептеу

Qжарық=E*F*qж*ƞж (2)

Мұндағы, Е — жұмыс бетінің жарықталуы, Балқыту цехы үшін Е — 150-ге тең, F — ғимарат еденінің ауданы, qж-люминисцент лампадан бөлінетін жылу, ƞж-ғимаратқа түсетін жылудың үлесі (люминисцент лампалар үшін 0,45)[5].

Qжарық люм=E*F*qж*ƞж=150*400*0,45*0,067*2, 75=4975Вт

Цехта қолданылатын қондырғыдан бөлінетін жылуды есептеу

Цехтағы қондырғылардан бөлінетін жылуды есептеу үшін 3- формуланы қолданамыз.

Qэп=1000N·kэп (3)
Мұндағы, N-Қуаттылығы, Втkэп-цехтағы жылу үлесін есепке алатын коэффициент, kэп -тың қабылданған орташа мәні .kэп — тің мәнің (2-кесте) бойынша анықтаймыз.

Кесте 3 — Цехтағы жылу үлесін есепке алатын коэффициент

Жабдық
kэп
Пештер:
Камералық қозғалмайтын ошақ
Қозғалмайтын
Әдістемелік
Саңылау және кеніш
Күйдіру
Электрлік
Электр моншалық
Электр шкафтар
Ашық тұратын электр кептіргіш:
Көлденең
Тік

0,47
0,55
0,52
0,4
0,3
0,7
0,3
0,3

0,35
0,2
кестенің жалғасы
Индукциялық балқыту пешінің сыйымдылығы, кг
100 дейін
500 дейін
2000 дейін
Электрдоғалық пешінің сыйымдылығы, кг
500 дейін
3000 дейін
10000 дейін

0,58
0,52
0,44
0,33
0,26
0,18

Цехтағы қондырғы Камералық қозғалмайтын ошақ болғандықтан kэп мәні 0.47-ге тең.Яғни бір қондырғыдан бөлінетін жылу:

Qэп=1000Nkэп=1000·8·103·0.47=3760кД ж

Ортадан тепкіш насостан бөлінетін жылуды есептеу

Qc.бa=(5,71+4,06ϑ)(tω-tb)F
Qc.бa=(5,71+4,06*0.2)(450-29)*8= 6.5*316=2204 Вт

Алғашқы кезеңнің жылу балансы

1. Ыстық штейн жылуы

100 х 0,24 х 1100 = 92092 кДж.

2. Ауа жылулығы

Qв = Vв х Св х tв = 138,01 х 50 х 0,24 = 6932,5 кДж.

3. Темірдің тотығу реакциясының жылулығы.

Штейн тізімі FеО және Ғе3О4 дейін тотығады. Ғе түріндегі штейнде конвертірлі қожда Ғе3О4 дейін тотыққан 9094 кг Ғе болады, Ғе3О4. Барлығы үрдісте: 12,89 — 9,94 = 2,95 кг.

2Ғе + 2О2 = Ғе3О4 + 267000 ккал.

g1 = 267000167,7 = 2,95 = (4700 ккал) = 19674,2 кДж.

Қалған темір ҒеО дейін тотығады: 39,85 — 9,94 = 29,91 кг.

Ғе + О2 = 2ҒеО + 63700 ккал.

g2 = 6370055,9 х 29,91 = (34114 кал) = 14801,2 кДж.

4. Күкіртті тотықтыру реакциясының жылуы:

S + O2 = SO2 + 70960 ккал.

8,9632 х 70960 = (19868,8 ккал) = 83170,8 кДж

2S + 3O2 = 2SО3.

5. Қож пайда болуы реакциясының жылуы (FeО дейін тотығушы темір көлемі бойынша, оның мөлшері 26,64 кг):

2FeO + SiO2 = 2FeO SiO2 + 11900 ккал.

Qошл = 11900111,8 х 26,24 = (2942 ккал) = 370,9 кДж.

6. Басқа да экзаметрикалық реакциялар жылуы:

2ҒеО + SiO2 = 2FeO SiO2 + 20140 ккал.

Qбасқа = 20140143,2 х 0,63 = (88,6 ккал) = 370,9 кДж.

Жалпы жылу кірісінің құрамы:

Qкіріс = 22000 + 1656,12 + 4700 + 34114 + 19868,8 + 4427,34 + 2942 + 88,6 = (86796,86 ккал) … жалғасы