Шымкентте бір жасар сәби анасының сырғасын жұлып алып, жұтып қойған (фото) — новости Казахстана

0

Шымкент қаласында бір жасар бала анасының құлағындағы сырғасын жұлып алып, оны жұтып қойған. Бұл туралы Отырар арнасы хабарлайды.

Фото: Отырар арнасы

Фото: Отырар арнасы

Анасының айтуынша, бір жасар баласы құлағындағы сырғаны жұлып алып, аузына салып жіберген.

Оны тез арада ауруханаға жеткізіпті.

Дәрігерлер сырғаны алуға екі сағат уақыттарын жұмсаған.

«Дәрігерлерге рақмет. Баламның ішіндегі сырғаны алып шықты», — деді әйел.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 6 айлық сәбидің телефон құрылғысын жұтып қойғаны хабарлаған едік.

Дереккөз: kaz.nur.kz