Пигмалион Эффектісі немесе сенім нені өзгертеді?
Пигмалион Эффектісі немесе сенім нені өзгертеді?
Зерттеушілер Розенталь мен Якобсон Сан-Францискодағы бір мектепке барып, оқушылардың интеллект деңгейін тексермекші болады. Олар әр сыныптан бірнеше оқушыны іріктеп алып, былай мәлімдейді: «Мына оқушылар өздерін әлі көрсетіп үлгермесе де, олар өте жақсы жетістікке жететініне еш күмәнданбаңыздар. Тек күтіңіздер!»
Педагогтар аң-таң. Өйткені əлгі оқушылар оқуда онша үздік емес еді. «Кездейсоқ таңдай салған болар» деп ойлайды ұстаздар. Расымен, Розенталь мен Якобсон оқушыларды тәжірибе үшін кездейсоқ таңдап алған еді. Қызығы сол, ғалымдар оқу жылының соңында мектепке келсе, өздері таңдаған оқушылар шынымен жоғары IQ көрсеткішіне ие болып, оқуда жақсы баға алып жүр екен.
Тәжірибе өз мақсатына жетті: адам өз қалағанын ала алады, яки сенімге толы дүние жетістікке біртабан жақын болады. Оқытушылар жыл басында іріктелген оқушыларға ерекше ықыласпен сабақ үйреткені, оларға үміт артып, тек білім беріп қана қоймай, психологиялық сенім артуы да әсер етпей қоймайды.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz