Қуат Хамитов вакцинация мен локдаун туралы: «Бұл ақымақ ойындарды тоқтататын кез келді»
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов карантин мен вакцинация туралы өз пікірін білдіріп жазба жариялады.
Бұл туралы Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында жазды .
«Барлығы менен вакцинация туралы не ойлайтынымды сұрайды? Жеке өзіме ешқандай укол салмаймын және бұл процедура ерікті болуы керек деп ойлаймын», — деп жазады Қуат Хамитов.
Әрі қарай, спортшы елдегі карантиндік шараларды талқылайды.
«Карантиндер мен бұғаттауларға келетін болсақ, менің ойымша, үкімет бұл ақымақ ойындарды тоқтататын кез келді… Адамдар жұмысына қайта оралып, отбасыларын тамақтандыру, несие төлеу және бизнесін сақтау керек.
Мемлекеттің бізге деген қамқорлығы — бұл мүлдем бос сөз, онда олар осы 30 жыл бойы қайда болды, медицина өлді, ауруханалар әлі соғыстан кейінгідей. Ия, осы тұмауды бір жылда қалай емдеу керектігін білетіндей уақыт келді! Но они до сих пор продолжают тупить и губить свой народ…», — деді спортшы.
Наурыз айының басында аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов Қазақстанның медициналық саласындағы мәселелерді шешуге деген көзқарасын айтқан болатын.
Жақында ол заңсыз төбелесінің бейнежазбасымен бөлісіп, оның 90-шы жылдары осылай шайқасқанын атап өтті. Айта кету керек, Қуат Хамитов 1988 жылы дүниеге келген.
Еске сала кетейік, «Найман» алдыңғы жекпе-жегін 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында (Ресей) өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа жіберген болатын .