Министрлік Covid-19 туралы соңғы мәліметтерді жариялады: Ауырған адамдар азаяр емес

0

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 4 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 792 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 135 498 жетті.
Оның ішінде:

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 80
Алматы қаласы — 63
Шымкент қаласы — 5
Ақмола облысы — 77
Ақтөбе облысы — 9
Алматы облысы — 40
Атырау облысы — 18
Шығыс Қазақстан облысы — 131
Жамбыл облысы — 16
Батыс Қазақстан облысы — 39
Қарағанды облысы — 26
Қостанай облысы — 87
Қызылорда облысы — 1
Павлодар облысы — 112
Солтүстік Қазақстан облысы — 84
Түркістан облысы — 4

Елімізде барлығы 119 419 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Үстіміздегі жылдың 5 желтоқсандағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 008 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 979 бала бар. Стационарларда 3 630 науқас жатыр. 10 378 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 221 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 41 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 200 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 60 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 42 880, өлім жағдайлары — 450, барлығы 30 852 адам сауығып шықты.