Түркістан облысында саунада жөзекшелерді саудалаған жеңгетай ұсталды — новости Казахстана

0

Түркістан облысында жүргізілген «Stop-трафик» жедел профилактикалық шарасы барысында полицейлер жеңгетайлықтың бес фактісін анықтады. Бұл туралы өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

23 қараша күні Сарыағаш ауданында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды интимді қызмет көрсетуі үшін клиенттерге жіберіп, сол үшін сыйақы алып отырған сауна әкімгерін ұстаған.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің «жөзекшелікпен айналысуға арналған ордалар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» деп аталатын 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілген.

Қазір дәлелді заттар тәркіленіп, сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Одан бөлек, Stop-трафик» жедел профилактикалық шарасы аясында Түркістан облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында адам саудасымен айналысқаны үшін 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасын ұстады.

Аталған шара нәтижесінде полицейлер жеңіл жүрісті 20 қызды тіркеуге қойды.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар