Ұлттық компанияның өңірдегі басшысы 2 миллион теңге парамен ұсталды

0

Ол орындалған жұмыстың актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген агенттіктің ресми хабарлмасында.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, филиал басшысы жеке фирманың  директорынан республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автожолы бойынша орындалған жұмыстың актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды», — дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды – видео



sputniknews.kz